AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада аяқ-қо...

Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада аяқ-қол ампутациясының алдын алуға мүмкіндік беретін озық технологиялар енгізілуде

Алматы Бүгін 17:55 37
Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада аяқ-қол ампутациясының алдын алуға мүмкіндік беретін озық технологиялар енгізілуде

Алматы қаласындағы №7 Қалалық клиникалық ауруханада төменгі аяқ-қол артерияларының ауыр зақымдануы бар науқастарды емдеуде инновациялық Jetstream механикалық атерэктомия технологиясы сәтті қолданылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Заманауи эндоваскулярлық жабдықтарды пайдалану ашық хирургиялық араласусыз қан айналымын қалпына келтіруге және науқастардың аяқ-қолын сақтап қалуға мүмкіндік берді.

№7 ҚКA директоры, PhD докторы Нұрдос Қадырбековтың айтуынша, жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту бүгінде аурухананың басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Аз инвазивті технологиялардың маңызы зор. Олар ашық операцияларды көтеруі қиын, хирургиялық тәуекелі жоғары науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. Мұндай араласулар ауруханада жату мерзімін қысқартып, оңалту кезеңін жеделдетеді және пациенттердің өмір сапасын сақтауға ықпал етеді», – деді аурухана басшысы.

Күрделі клиникалық жағдайлардың бірі – бұған дейін сан артериясына стент орнатылған 77 жастағы пациент болды. Соңғы жылдары әйелді қайтадан аяқтағы ауырсыну мен қан айналымының бұзылуы мазалай бастаған. Контрастты компьютерлік томография нәтижесінде сан артериясының окклюзиясы және бұрын орнатылған стенттің ретромбозы анықталды – оның саңылауы толық бітеліп қалған.

Қан тамырларының зақымдануы ауыр болғандықтан, басқа медициналық ұйымдарда пациентке ашық тамырлық операция жасау ұсынылған. Алайда қатар жүретін жүрек-қан тамырлары аурулары мен бұрын жасалған аортокоронарлық шунттау операциясына байланысты мұндай араласудың тәуекелі жоғары болды.

№7 ҚКA-ға жүгінгеннен кейін интервенциялық кардиохирургия бөлімшесінің мамандары Jetstream жүйесін қолдана отырып, аз инвазивті емдеу әдісін ұсынды. Бұл жүйе күрделі және кальцийленген тамырлық зақымданулар кезінде артериялардың өткізгіштігін қалпына келтіруге арналған ең заманауи технологиялардың бірі болып саналады.

«Jetstream жүйесі арнайы айналмалы қалақшалармен жабдықталған. Олар артерияның және стенттің ішіндегі кальцийленген түйіндақтарды, сондай-ақ тромбтық массаларды тиімді түрде алып тастайды.

Тамырды механикалық тазартқаннан кейін біз дәрілік жабыны бар баллонды қолдандық. Бұл қайта тарылу мен тромбоз қаупін азайтып, емнің ұзақ мерзімді нәтижелерін айтарлықтай жақсартады. Нәтижесінде қан ағымын толық қалпына келтірдік. Келесі күні-ақ пациент өздігінен жүріп-тұрып, жағдайының едәуір жақсарғанын атап өтті», – деді интервенциялық кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Сәкен Анартаев.

Оның айтуынша, дер кезінде көрсетілген медициналық көмексіз ауру асқынып, аяқ-қолдан айырылу қаупіне алып келуі мүмкін еді.

Қазіргі уақытта №7 ҚКA мамандары перифериялық артериялар аурулары бар науқастарға жоғары технологиялық эндоваскулярлық көмек көрсету бағытын белсенді түрде дамытып келеді.

Заманауи эндоваскулярлық технологияларды енгізу перифериялық артериялар ауруларын емдеу мүмкіндіктерін кеңейтіп, мүгедектік қаупін төмендетуге ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы еліміз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің халықаралық құқықты қорғауға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді

Бүгін 18:09

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Бүгін 18:06

Алматыда 3 мыңнан астам бірінші сынып оқушысына кітап сыйға тартылды

Бүгін 16:48

Алматыда Батима Зәуірбекованың ретроспективалық көрмесі ашылады

Бүгін 16:46

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланы көгалдандыру мәселесі жөнінде жиын өткізді

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);