Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы қолдау қызметтері...

Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы қолдау қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді

Барлығы 26.11.2025, 11:32 312
Алматыда зорлық-зомбылыққа қарсы қолдау қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай "Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл" республикалық акциясы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Акцияның мақсаты – отбасы-тұрмыстық және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу, оны болдырмау шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру, отбасы институтын нығайту, аналық пен балалықты қорғау. Кампания аясында қалада ақпараттық-түсіндіру, профилактикалық және әлеуметтік бағыттағы кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне нөлдік төзім қағидатын қалыптастыру және жәбірленушілерге қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

 – Мемлекет басшысы айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидаты – біздің күнделікті қызметіміздің негізгі тірегі. 2025 жыл Профилактика жылы деп жарияланды, сондықтан біз үшін зорлық-зомбылық фактілеріне тек әрекет ету ғана емес, олардың алдын алу – басты міндет. Қауіпсіз орта қалыптастыру ең алдымен бір-бірімізге деген сыйластықтан, отбасы мен қоғамдағы жауапкершіліктен басталады. Полиция алдағы уақытта да профилактикалық шараларды күшейтіп, халықпен, әлеуметтік қызметтермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді. Әрбір әйел мен әрбір бала өздерін қауіпсіз сезінуі керек, – деп атап өтті Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Алматылықтар тәулік бойы келесі байланыс желілеріне жүгініп, көмек пен кеңес ала алады: "111" – балалар мен отбасыларды қолдау қызметі, "150" – ұлттық сенім телефоны "102" – полицияның жедел қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Зорлық-зомбылық #әйелдерге қарсы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Бүгін 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Бүгін 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Бүгін 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Бүгін 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі