AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда жыл басынан бері заманауи жабдықтардың кө...

Алматыда жыл басынан бері заманауи жабдықтардың көмегімен 500-ден астам нейрохирургиялық ота жасалды

Медицина Бүгін 10:16 56
Алматыда жыл басынан бері заманауи жабдықтардың көмегімен 500-ден астам нейрохирургиялық ота жасалды

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында 2026 жылдың басынан бері операциялық микроскоп пен нейромониторинг жүйесін қолдану арқылы 500-ден астам нейрохирургиялық ота жасалды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Заманауи жабдықтар дәрігерлерге күрделі оталарды жоғары дәлдікпен орындауға және жүйке құрылымдарының зақымдану қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

Аурухана мамандары аталған технологияны жұлын мен омыртқа ісіктерін алып тастау, сондай-ақ омыртқа ауруларын емдеу кезінде қолданады.

Соның бір мысалы жұлын ісігін алып тастау отасы. Оны нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов жүргізді. Микроскоп пен нейромониторинг жүйесін қолданудың арқасында дәрігерлер ота барысында жүйке жолдарының жағдайын бақылап, ісікті толық алып тастай алды.

Отадан кейін науқастың жағдайы жақсарған. Емдеу курсы аяқталған соң ол ауруханадан шығарылды.

Заманауи жабдықтарды қолдану Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы нейрохирургтерінің мүмкіндігін кеңейтіп, жүйке жүйесінің қызметін барынша сақтай отырып, күрделі ота жасауға жол ашып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#нейрохирургия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың дамуын атап өтті

Бүгін 10:32

Алматыда әкім Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Беспақов көшесі тұрғындарының төрт жылдан бері шешілмей келген мәселесі шешілді

Бүгін 10:23

Мемлекет басшысының жолдауы: ғылым мен денсаулық сақтау – елді дамытар негізгі қозғаушы күш

Бүгін 10:20

Қазақстан мен Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Бүгін 10:05

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Бүгін 10:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);