AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда жаңа оқу жылына орай 12 мыңнан астам оқуш...

Алматыда жаңа оқу жылына орай 12 мыңнан астам оқушы орны ашылды

Білім және ғылым Бүгін 14:39 44
Алматыда жаңа оқу жылына орай 12 мыңнан астам оқушы орны ашылды
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл 32 922 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылына орай Алматыда 8 жаңа жалпы білім беретін мектеп пен қолданыстағы мектептердің қосымша корпустары ашылды. Жалпы саны 12 065 жаңа оқушы орны құрылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілдері айтты.

Биыл 32 922 бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Оның 30 046-сы мемлекеттік мектептерге, тағы 2 876-сы жекеменшік мектептерге қабылданды.

Қазір Алматыда 362 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Онда 356 мыңға жуық бала білім алады. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны шамамен 3%-ға артты, ал мемлекеттік мектептер саны 10-ға көбейді.

Жаңа мектептер қосымша оқушы орнына сұраныс жоғары аудандарда ашылды. Алатау ауданында 3 750 орындық үш мектеп, Түрксіб ауданында 6 100 орындық төрт мектеп, Жетісу ауданында 1 200 орындық бір мектеп пайдалануға берілді. №112 және №16 мектептер жанынан әрқайсысы 300 орындық қосымша корпустар ашылды.

«Келешек мектептері» жобасы аясында Алматыда жалпы сыйымдылығы 34 800 орын болатын 21 мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар қолданыстағы білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. №60, №160 және №124 мектептерді қайта жаңғырту аяқталды. №15 мектеп-интернат та жөндеуден кейін қайта ашылды. 164 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында химия, физика, биология, STEM және робототехника бойынша 1 130 заманауи кабинет жабдықталды.

Әлеуметтік қолдау шаралары да жалғасып жатыр. «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы 7 669 балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға 60 мың теңгеден берілді. 133 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Қаладағы барлық мектеп интернет желісіне қосылған. 235 мектепте талшықты-оптикалық байланыс желілерінің арқасында интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-қа жетеді.

Қауіпсіздік пен көлік қолжетімділігіне де ерекше көңіл бөлінген. 202 мемлекеттік балабақша мен 235 мемлекеттік мектеп кешенді қауіпсіздік жүйелерімен толық жабдықталған. «Мектеп автобусы» жобасы аясында 60 мектептің 11 мыңнан астам оқушысы тасымалмен қамтылған. Бұл үшін 250 автобус жұмылдырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектептер #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда №15 санаториялық үлгідегі мектеп-интернаттың жаңа ғимараты ашылды

Бүгін 15:13

«Қауіпсіз болашақ – саналы таңдаудан басталады»

Бүгін 14:17

Алматыда қай жерде тегін жүгірумен айналысуға болады

Бүгін 14:00

Мемлекет басшысы Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Бүгін 13:27

Сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік аясын кеңейтудің стратегиялық мәні зор - Тоқаев

Бүгін 13:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);