конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкес...

Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Мұны білген жөн Бүгін 10:11 51 Сұлу
Алматыда жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
depositphotos.com

24 шілдеде сағат 15:00-де Алматы қаласындағы Almaty Arena кешенінде (мекенжайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Нұркент шағын ауданы, 7) жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тиімді байланыс орнату, қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру.

Іс-шараға экономиканың түрлі салаларынан 100-ден астам жұмыс беруші қатысып, 400-ге жуық вакансия бойынша 2 000-нан астам жұмыс орнын ұсынады. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, еңбек жағдайлары, еңбекақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде толық мәлімет ала алады.

Жәрмеңке барысында келушілерге жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіптік оқыту бағдарламалары және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кеңестер беріледі.

Жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – бірнеше жұмыс берушімен бірден сұхбаттасып, өз біліміне, тәжірибесіне және кәсіби қызығушылықтарына сәйкес келетін жұмыс табуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.

Қатысу тегін. Жұмыс берушілермен кездесуді тиімді өткізу үшін қатысушыларға өздерімен бірге түйіндеме алып келу ұсынылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 24 шілде

Уақыты: 15:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Нұркент шағын ауданы, 7, Almaty Arena кешені.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыс #жұмыспен қамту #жәрмеңке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан инвестициялық нарықтың тұрақтылығы тұрғысынан Орталық Азиядағы көшбасшылықты сақтап келеді

Бүгін 10:34

Алматыда IV Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды

Бүгін 10:09

Жолаушы да, жүк те көбейді: Қазақстандағы тасымал көлемі артты

Бүгін 09:21

Алматыда білім беру саласындағы 200 мыңнан аса адам жасанды интеллектіні қолданады

Бүгін 09:17

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, батыста 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

Бүгін 09:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);