конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда YE-нің (Канье Уэст) Орталық Азиядағы тұңғ...

Алматыда YE-нің (Канье Уэст) Орталық Азиядағы тұңғыш жеке концерті өтті

Алматы Бүгін 17:58 39
Алматыда YE-нің (Канье Уэст) Орталық Азиядағы тұңғыш жеке концерті өтті
Алматы әкімдігі

15 тамызда Алматының Орталық стадионында YE-нің (Канье Уэст) әлемдік туры аясында концерті өтті. Бұл — қазіргі таңда әртістің Орталық Азиядағы алғашқы шоуы болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Концерт әуел баста 14 тамызға жоспарланған еді. Алайда ауа райының күрт өзгеруіне байланысты, көрермендердің, әртістің және іс-шараның барлық қатысушысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әртіс командасы шоуды келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Сатып алынған билеттің бәрі күшінде қалды.

15 тамызда Орталық стадионға тағы да 31 000 көрермен жиналды. Осындай ауқымды халықаралық стадион шоуын өткізу ұйымдастырушылардың, әртіс командасының, серіктестер мен қаланың бірлескен жұмысының нәтижесі жүзеге асты.

Әртістің менеджменті қазақстандық команданың дайындығын және халықаралық тур бойынша техникалық әрі ұйымдастыру талаптарын өз деңгейінде орындағанын ерекше атап өтті. Алматыда жобаны дайындауға бір-ақ айға берілді, осынау қысқа мерзімде жергілікті команда жұмыстың толық жүзеге асыра алды. YE шоуының басты элементіне айналған шар тәрізді конструкция Алматыда бірнеше күн ішінде құрастырылды және бұл мерзім турдағы ең қысқа мерзім болып отыр.

Концерт ұйымдастырушысы — Freedom Holding Corp. пен First Media Group компаниясының серіктестігі екенін айта кеткен жөн. Концерттің Қазақстандағы ресми билет операторы — Freedom Афиша (ex-Ticketon) болды. Бұл — Қазақстандағы жетекші билет сервисі әрі Freedom Holding Corp. экожүйесінің бір бөлігі. Платформа шетелдік банк карталарын қолдай отырып, халықаралық сегментті қоса алғанда, барша ниет білдірушіге билет сатылымын қамтамасыз етті.

«Бұл жобаға дайындалуға бар болғаны бір ай уақыт болды. Сол мерзімде қазақстандық команда алғашқы техникалық шешімнен бастап, күрделі сценография, халықаралық логистика және әлемдік тур талаптары ескерілген толыққанды стадион шоуын жасап шықты. Еңбегіміздің деңгейін әртістің командасы бөлек атап өткені бізді ерекше қуантты.

Соңғы бірер күн бүкіл ұжым үшін нағыз сын болды. Шоу бір күнге ауыстырылған соң, алаңды бір тәулікте екінші мәрте дайындауға тура келді. біздің команда Алматыда мұндай ауқымдағы концертті екі күн қатарынан өткізуге де қауқарлы екенін қазір нық сеніммен айта аламыз. Стадионға қайта оралып, ғажап көңіл күй сыйлаған көрермендерге, сондай-ақ жобаны  жүзеге асыруға  атсалысқан барлық серіктесіміз бен қала құрылымдарына шын жүректен алғыс білдіреміз», — деді First Media Group басқарушы директоры Әлфия Нұрғұмарова.

«Біз концерттің ресми билет сервисі болып, сатылымның техникалық жағына жауапты болдық. Бұл концерт платформамыздың ең жоғары жүктеме кезіндегі мүмкіндігін көрсетті: жергілікті және халықаралық сұраныстың ағыны сенімді әрі іркіліссіз өңделді. Өңір үшін бұл — соңғы жылдардағы ең ірі музыкалық шаралардың бірі. Бұл тәжірибе қазақстандық билет инфрақұрылымының әлемдік деңгейдегі жобалармен жұмыс істеуге қабілетті екенін дәлелдеді», — деді Freedom Афишаның бас директоры Ұлан Қайырбеков.

50-ден астам елден турист келген

Концерт 50-ден астам елден шамамен 7 700 турист келді. Алматы Ресейден, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, БАӘ-ден, АҚШ-тан, Қытайдан, Ұлыбританиядан, Германиядан, Аустралиядан және өзге де елдерден қонақтар үшін тартылыс нүктесіне айналды.

Сатылымның халықаралық географиясы концерттің туристік әсерінің көрсеткіштерінің біріне айналды. Қонақтардың арасында әртістің шет елден келген 2 000-ға жуық жанкүйері болды. Олардың көбі әлемдік тур кестесін қалт жібермей, бір емес, бірнеше концертке барған нағыз фанаттар. Шетелдік қонақтардың келуі қала қонақ үйлеріне, қалалық көлікке, мейрамханалар мен өзге де қызметтерге қосымша сұраныс тудырды. Турист ағынынан түскен экономикалық әсер шамамен 5 миллиард теңгені құрайды.

«YE (Kanye West) концертінің өтуі Алматыдағы іс-шаралық туризм үшін жылдың ірі шараларының бірі болды. 13–16 тамыз аралығында Алматыда орналастыру қызметіне сұраныс артты: орналастыру орындарының орташа толымдылығы шамамен 98%-ды құрады. Бұл ірі халықаралық іс-шаралардың қаланың туристік белсенділігіне ықпалын айқын көрсетеді.

Алматы үшін бұл — ірі халықаралық іс-шараны қабылдау мүмкіндігі ғана емес, қаланы халықаралық аудиторияға таныстырудың да жолы. YE концертінің өтуі және туристік қызметке жоғары сұраныс іс-шаралық туризмнің әлеуетін және қаланың туристік саласы мен экономикасын дамытудағы маңызын растайды», — деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсеитова.

Халықаралық продакшн және бірнеше тәулікке созылған дайындық

Орталық стадиондағы шоудың сахналық және техникалық инфрақұрылымы бар болғаны бес тәулікте толық құрастырылды. Бұл — осы турдағы ең қысқа мерзімнің бірі. Жобаны жүзеге асыру жоғары деңгейдегі техникалық үйлестіру мен күрделі халықаралық логистиканы талап етті.

Шоуды өткізу үшін Алматыға бір ірі жүк әуе кемесі және әртістің халықаралық командасының техникасы тиелген жеті еурофура жеткізілді. Қосымша жабдық Алматы, Астана және Мәскеу қалаларынан тартылды.

Алаңда дыбыс, жарық, проекция және сахна жабдығының күрделі жүйесі орнатылды. Төрт қосымша техникалық мұнара трибунадан тыс жерге шығарылса, дыбыс жүйелері стадионның ішкі шарасының периметрі бойымен таратылды. Осындай құрылым стадионның әртүрлі аймағында дыбыс сапасын бірдей деңгейде ұстауға мүмкіндік берді.

Әртістің гастрольдік командасы үшін 17 шатыр мен сегіз киім ауыстыратын бөлмеден тұратын жеке инфрақұрылымдық кешен тұрғызылды.

Концерт күні алаңның жұмысын 4 400-ден астам адам қамтамасыз етті: күзет және қауіпсіздік қызметкерлері, полиция, қалалық қызметтер, техникалық және өндірістік топтар, медицина қызметі, стадион қызметкерлері, билет операторы мен сервистік топтар.

Концерт инфрақұрылымын  бөлшектеу шоу аяқталған бойда басталды. Қазіргі таңда Орталық стадиондағы негізгі жұмыс аяқталды, қалған жабдықты шығару мен алаңдағы техникалық жұмыстарды аяқтау жалғасып жатыр.

Ұйымдастырушылар тобы шоуды дайындау мен өткізуге атсалысқан барлық мемлекеттік органдарға үйлесімді әрі кәсіби жұмысы үшін алғыс білдіреді. Концертті дайындау және өткізу кезеңінде қауіпсіздік, медициналық көмек және шұғыл ден қою мәселелері бойынша барлық қалалық қызметтер іс-шараның тиісті деңгейде сүйемелденуін қамтамасыз етті.

Ұйымдастырушылар концертке дайындық кезіндегі сындарлы ынтымақтастығы үшін «Қайрат» ФК-не бөлек алғыс айтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Аспан таулы Алматы!» республикалық бейнеконтент байқауы басталады

Бүгін 17:41

Жылыту маусымына 77 мың км газ тарату желісі дайындалуда

Бүгін 17:32

«Елдің болашағы әрқайсымызға байланысты»: Нұрқожа Қайпанов қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Бүгін 17:12

Қазақстан картасынан 1 жылда 64 ауыл жойылыпты

Бүгін 17:10

Астана медицинасына ЖИ енгізіліп жатыр

Бүгін 17:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);