AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда үшінші эко-хаб ашылды

Алматыда үшінші эко-хаб ашылды

Алматы Бүгін 09:44 43
Алматыда үшінші эко-хаб ашылды

Алматының Жетісу ауданында «Жетісу-2» жастар комьюнити орталығының базасында жаңа эко-хаб ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Эко-хаб «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Eco Almaty» ЖШС-нің қолдауымен құрылды. Мұнда қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу мәдениетін дамыту, ағартушылық іс-шаралар өткізу және жастардың экологиялық бастамасын қолдау жоспарланған.

«Таза Қазақстан» – бір реттік акция немесе тек сенбілік өткізумен шектелетін бастама емес. Біз әр адамның қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды күнделікті әдетке айналдырғанын қалаймыз. Жаңа эко-хаб жастарға экологиялық бастамасын жүзеге асыруға, жаңа идея ұсынуға және нақты іс-әрекет арқылы қаламыздың тазалығына үлес қосуға мүмкіндік береді. Таза қала әрқайсымыздың жүйелі іс-әрекетімізден басталады», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Эко-хаб аумағында қалдықтарды бөлек жинауға арналған 10 арнайы контейнер орнатылды. Аудан тұрғындары мен жастар пластик, алюминий, қағаз және қайта өңдеуге жарамды басқа да материалдарды тапсыра алады.

Кеңістік қайталама шикізат қабылдайтын пункт ретінде ғана жұмыс істемейді. Мұнда шебердің сабақтарын, кездесу, экологиялық акция және басқа да іс-шаралар өткізу, сондай-ақ экобелсенділер мен еріктілерді біріктіру жоспарланған.

Ашылу барысында қатысушыларға эко-хабтың жұмысы және эко-трактың көмегімен пластик қалдықтарды қайта өңдеу үдерісі көрсетілді. Сондай-ақ қайта өңделген материалдардан жасалған тұрмыстық және сәндік бұйымдар көрмесі ұсынылды.

Сонымен қатар ECO Network жобасының жетекшісі Евгений Мұхамеджановтың қатысуымен «Таза Қазақстан – бір күндік акция емес» атты ашық диалог алаңы өтті. Қатысушылар экологиялық жауапкершілік, қалдықтарды сұрыптау мәдениеті және жастардың экологиялық жобаларға қатысу мәселесін талқылады.

Бүгінде Алматыда 18 мыңнан астам адамды қамтыған 98-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. Қалалық ауқымды сенбіліктерге 3,6 мыңнан астам алматылық жас қатысты.

Жаңа эко-хаб экологиялық бастамалар, ағартушылық іс-шаралар және қалдықтарды бөлек жинау үшін тұрақты жұмыс істейтін алаңға айналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті ресми ашылды

Бүгін 10:37

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

Бүгін 10:30

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

Бүгін 10:27

Мукополисахаридоз: пациент нені білуі керек?

Бүгін 10:10

Ерлік сабағы: Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы оқушылармен кездесті

Бүгін 09:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);