AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балада с...

Алматыда үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балада сирек асқыну анықталды

Медицина Бүгін 13:12 55
Алматыда үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балада сирек асқыну анықталды
Алматы денсаулық сақтау басқармасы

Емнен кейін баланың жағдайы жақсарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында үш магнит жұтып қойған 5 жастағы балаға күрделі ота жасалды. Дәрігерлер одан сирек кездесетін әрі қауіпті асқынуды анықтаған.

Магниттер баланың асқазан-ішек жолында ұзақ уақыт қалып қойған. Күшті магниттік тартылыс салдарынан асқазандағы бір магнит пен аш ішектегі екі магнит ағза қабырғалары арқылы бір-біріне тартылған.

Ота кезінде хирургтер өте сирек кездесетін асқынуды анықтады – асқазан мен аш ішек арасында патологиялық байланыс, яғни магниттік жыланкөз қалыптасқан. Ұзақ уақытқа созылған қысым тіндердің ойылып, зақымдануына әкелген.

Ота жасаған хирург, Алматы қаласындағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Марат Қаптағаевтың айтуынша, ота бастапқыда лапароскопиялық әдіспен басталған. Алайда зақымданудың сипаты анықталғаннан кейін баланың қауіпсіздігі үшін хирургтер ашық отаға көшу туралы шешім қабылдаған.

«Жыланкөз жойылып, үш магнит те алынды, зақымданған тін кесіліп, жара тігілді. Құрсақ қуысына санация жасалып, дренаж қойылды. Ота сәтті аяқталды. Емнен кейін баланың жағдайы жақсарды. Ауруханадан шығарылған кезде жағдайы қанағаттанарлық болды, отадан кейінгі жараларда қабыну белгілері байқалмады», – деді хирург.

Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров бұл клиникалық жағдай балалар үшін шағын магнитті ойыншықтардың қаншалықты қауіпті екенін тағы бір мәрте көрсеткенін атап өтті.

«Бірнеше магнит жұтқан кезде олар асқазан-ішек жолының әртүрлі бөліктерінің қабырғалары арқылы бір-біріне тартылып, тіндердің ойылуына, ағзалардың тесілуіне, жыланкөздердің пайда болуына, ішек өтімсіздігіне және перитонитке әкелуі мүмкін. Сондықтан баланың магнит жұтып қойғанына күдік туындаса, ата-аналарды дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырамыз. Уақытылы көрсетілген көмек ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді», – деді Марат Рабандияров.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күнінде 12 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 12:57

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді

Бүгін 12:44

Алматының Медеу ауданында 16 аула аумағы жаңартылып жатыр

Бүгін 12:33

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Бүгін 12:15

Алматыда Энрике Иглесиастың концертінен кейін тегін шаттлдар ұйымдастырылады

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);