AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзг...

Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

Алматы 24.07.2026, 19:11 402
Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

2026 жылы 25 шілдеден бастап Алматыда №61, №218 және №238 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді. Бұл шешімді қалалық Жол қозғалысы ұйымдастыру және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысының ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылдады.

Өзгеріс қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған.

25 шілдеден бастап маршруттар төмендегі сызба бойынша қатынайды:

№218 маршрут

* Оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі – Саин көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінен кейін кері бұрылу – Абай даңғылы – «Б. Момышұлы метро бекеті» соңғы аялдамасы.

* Кері бағытта: «Б. Момышұлы метро бекеті» – Абай даңғылы – Саин көшесі – Мөңке би көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№238 маршрут

* Оңтүстік бағытта: Саин көшесі – Төле би көшесі – «Автостанция» соңғы аялдамасы.

* Кері бағытта: «Автостанция» – Төле би көшесі – Саин көшесінен кейін кері бұрылу – Төле би көшесі – Саин көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№61 маршрут

* Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – «Арман» автостанциясы соңғы аялдамасы.

* Кері бағытта: «Арман» автостанциясы – Жароков көшесінің жолайырығы – әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі – Абай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерісті ескеруді сұраймыз. Жаңартылған қозғалыс сызбалары туралы ақпарат аялдама пункттерінде, сондай-ақ қаланың ақпараттық қосымшаларында жарияланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #автобус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Премьер-министр Олжас Бектенов Республика күнімен құттықтады

Бүгін 09:00

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтады

Бүгін 08:00

Алматыда Республика күніне орай мерекелік концерт өтті

Кеше 18:10

Ойын мекемелерінің жұмыс істеу қағидалары нақтыланды

Кеше 14:15

Келесі жылдан бастап жұмысқа ерте шыққан аналар бала күтімі төлемін ала береді

Кеше 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);