AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Кітап - көңіл кілті / Алматыда Ұлттық кітап күні қарсаңында Бигелді Ғабд...

Алматыда Ұлттық кітап күні қарсаңында Бигелді Ғабдуллиннің жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Кітап - көңіл кілті 23.04.2026, 16:04 215 yakiya
Алматыда Ұлттық кітап күні қарсаңында Бигелді Ғабдуллиннің жаңа кітабының тұсаукесері өтті

Алматы қаласындағы Alatau Creative Hub алаңында Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні қарсаңында белгілі публицист, жазушы Бигелді Ғабдуллинмен шығармашылық кездесу өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға мәдениет және өнер қайраткерлері, кітапхана ісінің ардагерлері, әдебиетсүйер қауым, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген кітапхана басшылары мен кітапханашылары қатысты.

Кездесудің басты оқиғасы – автордың «Режим и сопротивление» атты жаңа кітабының тұсаукесері болды. Аталған туындының жарық көруі қоғамдағы рухани үдерістерді терең пайымдауға жол ашатын маңызды мәдени оқиға ретінде бағаланды.

Өз сөзінде Бигелді Ғабдуллин: «Әрбір кітап – жазушы үшін туған перзентімен тең. Жаңа еңбегім жуырда ғана баспадан шығып, оқырманға жол тартты. Кітап оқу әр адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс», – деп атап өтті.

Кездесу барысында автор шығарманың жазылу тарихына тоқталып, қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Қатысушылар кітап мазмұнына қатысты пікірлерін білдіріп, автормен мазмұнды әрі ашық пікір алмасуға қатысты.

Шалқар радиосының редакторы, журналист Бақыт Жағыпарұлы жаңа туындының қоғамдық маңызын жоғары бағалады:

«Бүгінгі Ұлттық кітап күнінде осындай салмақты туындының оқырманға жол тартуы — үлкен рухани оқиға».

Аталған әдеби кездесу мерекелік күндердің мазмұнын байытып, Ұлттық кітап күнінің рухани мәнін тереңдете түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 13:39

584 педагог пен 3676 оқушы: Алматыдағы пилоттық жоба алғашқы нәтижесін көрсетті

Бүгін 13:36

Алматыда жазғы маусым ашық аспан астындағы үлкен концертпен ашылды

Бүгін 11:48

Қазгидромет тоғыз қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 10:09

Жел, жаңбыр, аптап: Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);