Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда Ұлттық кітап күні қалай атап өтіледі?

Алматыда Ұлттық кітап күні қалай атап өтіледі?

Не? Қайда? Қашан? 23.04.2025, 09:16 1,082
Алматыда Ұлттық кітап күні қалай атап өтіледі?
Алматы қаласы әкімдігі

Кітапханашылар конвенті, жас жазушыларды марапаттау және кәсіби хакатон

23 сәуір – Қазақстанда Ұлттық кітап күні. Бұл күн кітап оқу мен әдеби мәдениетті дамытудың маңыздылығы айқындайтын мереке болып табылады. Алматыда осы күнге орай кітапхана ісін қолдауға, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және кітапты білім мен өзін-өзі дамытудың басты құралы ретінде насихаттауға бағытталған бірнеше ірі іс-шара өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Республикалық жастар кітапханашылар конвенті

23 сәуір күні сағат 14:00-де Алматы кітапханалары, қалалық Мәдениет басқармасы, «Ғылым ордасы» және ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен «Уақыт кеңістігінде орын алған кітапхана» атты республикалық жастар кітапханашылар конвенті басталады. Іс-шара А.П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана, С. Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы және «Ғылым ордасы» алаңдарында өтеді.

Конвент еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас кітапханашыларды біріктіріп, тәжірибе алмасу мен кәсіби біліктілікті арттыру алаңына айналады. Бағдарламада – халықаралық тәжірибеге негізделген тәжірибелік шеберлік дәрістері, тренингтер, кітап қорларын цифрландыру және қалпына келтіру бойынша таныстыру практикумдары бар. Сондай-ақ, қатысушылар жастарды кітапхана мәдениетіне тарту жолдарын және кітапханаларды жаңа технологияларға бейімдеу мәселелерін талқылайды.

Күн соңында Алмалы ауданының Жастар комьюнити орталығына экскурсия ұйымдастырылады, онда қатысушылар өзіне-өзі қызмет көрсететін автономды кітапхананың жұмысымен танысады. Іс-шараларға қатысу алдын ала тіркелу арқылы тегін.

«Алматының жас жазушысы – 2025» байқауы жеңімпаздарын марапаттау

Сол күні, 23 сәуірде сағат 16:00-де Қазақстан Жазушылар одағында «Алматының жас жазушысы – 2025» қалалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара қазақ жазушысы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған. Байқау Алматы кітапханалары, Қазақстан Жазушылар одағы және «Өркен» бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.

Биыл 11-17 жас аралығындағы 173 оқушы Бегалин шығармаларындағы кейіпкерлер мен оқиғалардан шабыт алып, фэнтези жанрында әңгімелер ұсынды. Жұмыстардың бағалау кезінде түпнұсқалық, әдеби шеберлік және тақырыпты ашу деңгейі ескерілді. Алғаш рет ең жас қатысушылар үшін «Жас дарын – 2025» арнайы номинациясы тағайындалды.

Жеңімпаздарға «Алматының жас жазушысы – 2025» атағы беріледі, ал үздік әңгімелер электронды жинаққа енеді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар мен шығармашылық жобаларды одан әрі сүйемелдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Тұңғыш Республикалық кітапхана хакатоны

24 сәуірде Alatau Creative Hub орталығында жас кітапханашыларға арналған тұңғыш Республикалық кітапхана хакатоны өтеді. Оған еліміздің барлық өңірінен кітапхана саласының мамандары қатысады. Қатысушылар топпен жұмыс істеу форматында цифрлық сервистерді енгізуден бастап, жастарды кітапханаға тартуға дейінгі салалық өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жобалар әзірлейді.

Топтар идеясын Мәдениет министрлігі, кітапхана қауымдастықтары мен IT мамандарынан құралған сарапшылар алқасына таныстырады. Үздік жобалар ел кітапханаларында жүзеге асыруға ұсынылып, авторларына оларды әрі қарай дамыту үшін қолдау көрсетіледі.

Хакатон – тек байқау емес, сонымен қатар, кітаппен және оқырманмен жұмыс істеудің жаңа тәсілдерін дамыту мен кәсіби желі құру алаңы. Қатысушыларды тіркеу 15 сәуірде аяқталды, қатысу – тегін.

Осылайша, Алматы Ұлттық кітап күні аясында елдің кітапхана және әдеби жастарын біріктіріп, кәсіби даму, шығармашылық және инновацияны тоғыстырған орталыққа айналады.

Іс-шаралар мен нәтижесін @library.almaty әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұлттық кітап #Оқырман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі