AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күні...

Алматыда Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай халықаралық семинар өтті

Мәдени Алматы 23.04.2026, 17:24 206 yakiya
Алматыда Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай халықаралық семинар өтті

Бүгін Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне орай кітапханашыларға арналған халықаралық семинар өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға әртүрлі өңірлерден келген кітапхана саласының басшылары мен мамандары қатысып, қазіргі заманғы кітапхана ісінің өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық тұрғыда тәжірибе алмасты.

Кездесу барысында Алматы кітапханаларының заманауи мүмкіндіктері, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған бейімдеу жобалары, кітапханалық үдерістерді автоматтандыру, электронды ресурстардың қолжетімділігі және цифрландыру саласындағы инновациялық әзірлемелер таныстырылды.

Семинардың ерекшелігі — Алматы кітапханаларының шетелдік серіктестері қатысқан телекөпір болды. Оған онлайн форматта Малайзиядағы Селангор қоғамдық кітапханасының, Швецияның Ұлттық кітапханасының, Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының және Саха Республикасының (Якутия) Ұлттық кітапханасының өкілдері салалық жаңалықтар мен жетістіктерімен бөлісіп, әріптестеріне құттықтау жолдады.

Сонымен қатар семинар аясында «МегаПро» автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесінің мүмкіндіктері талқыланды. Ресейлік «Дата Экспресс» компаниясының бас директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Владимир Грибов кітапханаларға арналған бағдарламалық шешімдердің тиімділігі туралы баяндама жасады.

Семинар қатысушылар үшін озық халықаралық тәжірибені зерделеуге және кәсіби біліктілікті арттыруға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

«Бүгінгі ғылыми семинар өте пайдалы болды. Мұндай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар біз үшін аса маңызды. Шетелдік әріптестердің цифрландыру мен оқырмандармен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстық», - деді Алматы облыстық әмбебап кітапхананың қызметкері Әлия Боранбай семинардың жоғары деңгейде өткенін бағалап.

Бұл іс-шара кәсіби мерекемен қатар, ұлттық руханиятты ұлықтайтын, кітап пен кітапхананың мәртебесін асқақтатқан мазмұнды кездесу болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Семинар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Бүгін 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Бүгін 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Бүгін 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Бүгін 15:06

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);