Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Түркиядағы 15 шілде оқиғасына арналған па...

Алматыда Түркиядағы 15 шілде оқиғасына арналған панель өтті

Барлығы 15.07.2025, 20:52 694
Алматыда Түркиядағы 15 шілде оқиғасына арналған панель өтті
Түркияның Алматыдағы Бас консулдығы

Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы мен Еуразия ғылыми-зерттеу институты бірлесіп «15 шілде – Демократия және Ұлттық бірлік» күні атты панель өткізді.

Басқосуда Бас консул Эврен Мүдерісоғлу, Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор доктор Мұхиттин Шимшек, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур, Түркі дүниесі Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы Қансейіт Әбдезұлы сынды ғалым-зерттеушілер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.  

Бас консул Эврен Мүдерісоғлу 2016 жылдың 15 шілдесінде Түркияда болған ауыр оқиға – әскери төңкеріс әрекетінің себептері мен салдарын жан-жақты атап өтті.  

«15-шілде – тек Түркия халқы үшін ғана емес, бүкіл демократиялық қоғамдар үшін үлкен сын сағаты болды. ФЕТО лаңкестік ұйымының мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған әрекеті – халық еркіне, заңдылыққа, ұлттық егемендікке қарсы жасалған қастандық еді. Алайда түрік халқы сол түні бірлік пен батылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Көшеге шығып, ешбір қаруға сүйенбей, тек жүректегі сеніммен өз мемлекетін, өз демократиясын қорғап қалды»,-деп атап өтті.

Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы, профессор доктор Мұхиттин Шимшек қиын-қыстау сәтте бауырлас елдердің қастарынан табылғанын айрықша атап өтті. Бұл қаралы оқиғадан кейін Түркияға алғаш болып мемлекеттік сапарды Қазақстан Президенті жасағанына тоқталды.  

Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы Қансейіт Әбдезұлы «Бұл оқиға  бізге демократияның, заң үстемдігінің және ұлттық бірліктің қаншалықты қымбат құндылық екенін тағы бір мәрте еске салады.15 шілде оқиғасынан болсын, бізде болған Қаңтар оқиғасынан болсын үлкен сабақ алуымыз керек»,-деді. 

Жиынға қатысқандар төңкеріс әрекетіне қарсы тұрып, өмірін қиған барлық азаматтардың рухына тағзым ете отырып, демократия мен еркіндік жолындағы күрес – мәңгілік құндылық екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика