AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда түнгі уақытта Жандосов көшесінің бір бөлі...

Алматыда түнгі уақытта Жандосов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Барлығы 12.09.2025, 15:39 771 dulatbekova
Алматыда түнгі уақытта Жандосов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
Сурет: Almaty.tv
Алматыда 12 мен 14 қыркүйек аралығындағы түнгі уақытта Жандосов көшесінде құбыр желісін жүргізу жұмыстарына байланысты қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
 
Алматыда 12 қыркүйек сағат 23:00-ден бастап 14 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Жандосов көшесінде құбыр мен кәріз жүйесін жүргізуге байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және су шаруашылығы басқармасы хабарлады.
 
Қозғалыс төмендегі учаскелерде шектеледі:
• Жандосов – Дәулеткерей көшелерінің қиылысы (400 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
• Жандосов – Дәулеткерей көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
• Жандосов – Айманов көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі);
• Жандосов – Бекешев көшелерінің қиылысы (325 мм құбыр желісі, 1000 мм қаптама диаметрі).
 
Бұл аумақтар екі ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға байланысты шектеліп отыр:
1. «Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу» – жалпы ұзындығы 34,9 шақырымдық магистральды кәріз коллекторы салынады. Жоба Наурызбай және Алатау аудандарының 175 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарының шамамен 20 мың тұрғынын орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.
2. «Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданында су және кәріз желілерін салу» – аумақтың инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға, ауыз су беруді тұрақтандыруға және кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.
 
Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарын алдын ала жоспарлап, баламалы бағыттарды таңдауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.
 
Еске саламыз, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS және Яндекс карталары сервистерінде жарияланады.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жандосов көшесі #қозғалыс шектеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);