AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда цифрлық баспа ісі бойынша сабақтар бастал...

Алматыда цифрлық баспа ісі бойынша сабақтар басталды

Білім және ғылым 09.09.2026, 17:15 264
Алматыда цифрлық баспа ісі бойынша сабақтар басталды
Almaty.tv

Қазақстан мен Қытай арасында жасанды интеллект пен цифрлық білім беру саласындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Алматыға «Шанхай баспа ісі және полиграфия» колледжінің сарапшылар делегациясы келді. Екі ел мамандары мегаполистегі оқу орындарының бірінде бас қосып, дөңгелек үстел өткізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Цифрлық технологиялардың әсері

Кездесуде цифрлық технологиялардың кәсіби білім беру жүйесіне әсері, нейрожелілерді қолдану мүмкіндіктері және жаңа цифрлық экономикаға қажетті мамандарды даярлау мәселелері талқыланды.

«Шанхай» баспа ісі колледжімен 3 жылдан бері меморандумға отырып, академиялық ұтқырлық аясында жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның бірі – студенттер сәуір айында екі жыл қатарынан сол «Шанхай баспа ісі» колледжінен біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасу. Яғни, практикадан өтіп келеді», – деді колледж директоры Гүлзада Абдуллаева.

Арнайы сабақтар

«Би Шэн шеберханасы» оқу орталығында шетелдік делегация 14 қыркүйекке дейін оқытушыларға, студенттерге және бейінді кәсіпорындардың қызметкерлеріне арнайы сабақтар өткізеді. Бағдарлама аясында жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдану ісі талқыланады.

Атап айтқанда, цифрлық контент жасау, интеллектуалды баспа платформаларымен жұмыс істеу, 3D-дизайн және фотосуреттерді өңдеу бағыттары қамтылған.

«Би Шэн шеберханасы» базасында жұмыс істеу – Қазақстан мен Қытайдың кәсіби білім беру саласындағы ынтымақтастығының маңызды бөлігі. Біз дәрістер өткізіп, тәжірибелік мысалдарды талдап, қатысушылармен бірге практикалық сабақтар жүргізіп жатырмыз. Жасанды интеллект пен цифрлық баспа ісіне ерекше мән береміз. Алдағы уақытта да бұл жұмысты қазақстандық әріптестерімізбен жалғастыруды жоспарлап отырмыз», – деді сарапшылар тобының жетекшісі Мао Сяомэн.

Оқи отырыңыз: Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ стандарттарына сай деп бағаланды

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #цифрлық білім #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 22:00

«Алматы кештері» музыкалық кеші өтті

Бүгін 20:57

Алматыда Сыдық Дәулетовтің «Нар жолы» кітабы таныстырылды

Бүгін 20:52

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 19:31

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Алматы қаласы мен Алматы облысындағы ірі жобалардың жай-күйімен танысты

Бүгін 18:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);