Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар...

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Медицина Бүгін 11:38 51
Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Елімізде клиникалық дағдыларды дамыту және жүректің құрылымдық ауруларын емдеудің озық технологияларын енгізу шеңберінде Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының интервенциялық кардиологтары халықаралық сарапшы Dr.İsmail Ates, MD - Associate Professor of Cardiology Bahcesehir University қатысуымен митралдық жетіспеушілікті емдеудің заманауи әдістері бойынша бірегей операция жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында институттың медициналық командасы заманауи Dragonfly жүйесін пайдалана отырып, TEER («шетінен шетіне дейін» митралды қақпақшаны транскатетерлік қалпына келтіру) әдістемесі бойынша 4 жоғары технологиялық операцияны сәтті өткізді.

27 жастағы пациентті қалыпты дене жүктемесі кезінде (2-қабатқа көтерілгенде), жүрек соғуының жиілігі, бас айналу, жалпы әлсіздік мазалаған. Оған жүре пайда болған жүрек қызметінің кемістігі, 3 ст. митралды жетіспеушілік, трикуспидалды қақпақшаның жетіспеушілігі, дилатациялық кардиомиопатия диагнозы қойылды. Айқын митралдық регургитацияны, сол қарыншаның төмен фракциясын (небәрі 27%) және ашық хирургиялық араласудың жоғары қаупін ескере отырып, клиника дәрігерлерінің консилиумы митралдық қақпақшаны эндоваскулярлық клиптеу операциясын жүргізу туралы шешім қабылдады.

TEER әдісі ауыр митральды регургитацияның ауыр түрі бар пациенттерде қолданылады, бұл жағдайда митральды қақпақша жапырақшалары дұрыс жабылмай, қанның кері ағысына әкеледі.

65 жастан асқан адамдардың 10%-дан астамы митральды жетіспеушіліктің орташа немесе ауыр түрінен зардап шегеді және көптеген пациент үшін операция қаупі жоғары болуынан хирургиялық емдеу мүмкін емес. Мұндай жағдайларда транскатетерлік технологиялар емдеудің жалғыз тиімді нұсқасына айналады. Процедура аз инвазивті тәсілмен орындалады және араласудың жоғары дәлдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 3D-визуализация мен өңеш арқылы жасалатын эхокардиографияның бақылауымен жүргізіледі.

«Мұндай білім беру клиникалық іс-шаралары практикалық дағдыларды жетілдіруге, клиникалық тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды енгізуге және көмек сапасын арттыруға бағытталған. Олар теорияның практикамен байланысын қамтамасыз етіп, дәрігерлерге кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді», - дейді институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

Рентгенэндоваскулярлық оперблоктың меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, мұндай операциялардан кейін пациенттер тез сауығып, бірнеше күннен кейін үйлеріне шығарылады. Оларда өмір сүру сапасы едәуір жақсарады, демігу азаяды, дене жүктемесіне төзімділік артады, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендейді.

Ота жасалған науқастардың төртеуінің де жағдайы қазір жақсы дейді дәрігерлер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика