Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда тазы тұқымының үздіктері таныстырылды

Алматыда тазы тұқымының үздіктері таныстырылды

Барлығы 25.10.2025, 15:16 368
Алматыда тазы тұқымының үздіктері таныстырылды
сурет: Самат Құсайынов

Алматыда Республика күніне орай кинологиялық іс-шара — «Қазақы тазы» моно тұкымды көрмесі және ұлттық дәрежедегі Қазақстан кинологтар одағының қубогы өтіп жатыр. Іс-шараны «Қазақстан кинологтар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Қазақстан кинологтар одағының президенті Бауыржан Серікқалидің айтуынша, қазақы тазы — Қазақстанның мәдени мұрасы ретінде танылған ерекше тұқым. Ал 2024 жылы Халықаралық кинологиялық федерация қазақ тазысын алдын ала ит тұқымы ретінде тану туралы шешім қабылдады. 

- Қазір біз сапалы тазылардың санын көбейтуге арналған бағдарлама бойынша дұрыс келе жатырмыз. Олардың саны өсіп келеді. Тазының халықаралық деңгейде мойындалуы - еліміз үшін маңызды оқиға. Енді өзге мемлекеттер бұл тұқымды өзіне ала алмайды. Сондай-ақ дүниежүзі тазы тұқымын жақсырақ тани түсті, - деді ол.

Моно тұқымды көрмеде еліміздің әр өңірінен келген 60-тан астам тазы қатысып жатыр. Бағдарлама тазының тұқымын жан-жақты бағалауға бағытталған. Иттер бекітілген стандарттарға сәйкес тексеріледі де, ұлттық және халықаралық санаттағы төрешілер шешімі бойынша үздіктері анықталады.

Көрмеге арнайы иттерін қатыстырып отырған Дәурен Жұмағалиев тазының ерекшелігі туралы айтты.

- Оқушы кезде атамыздың жанында жүріп, оның екі тазысына қызығатын едім. Өсе келе осы іспен айланыса бастап, қазір 20 шақты тазым бар. Мінездері әртүрлі болады - сабырлы, ойынқұмар, қарулы, жүйрік және басқа да. Бірақ ешқайсысында сұғанақтық болмайды. Ақылды әрі алғыр, иісі болмайтын таза жануар. Адамды тістемейді. Бөтен адам келсе, үреді де ұясына кіріп кетеді - ақылдығы сонда. Сонымен қатар Тазыны байлап қоюға болмайды, көлікпен, атпен түзге шығарып тұру керек. Жүгіріп тұрса, бабында болады. Бір орында отыра берсе, тез семіріп, майтабан болады, - деді Дәурен Жұмағалиев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тазы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика