конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда тазалық рейдтері кезінде 330-ға жуық заңб...

Алматыда тазалық рейдтері кезінде 330-ға жуық заңбұзушылық анықталды

Заң мен тəртіп 17.07.2026, 20:25 155
Алматыда тазалық рейдтері кезінде 330-ға жуық заңбұзушылық анықталды

Алматыда сәуір айынан бері абаттандыру талаптарын бұзудың 330-ға жуық дерегі анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қалада мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында демалыс күндері тұрақты рейдтер өткізіліп, жұмыс күндері жаяу патрульдердің жұмысы күшейтілген.

Рейдтік іс-шаралар жұма, сенбі және жексенбі күндері ұйымдастырылады. Ал жұмыс күндері қоғамдық тәртіпті бақылау және әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау үшін жаяу патрульдер күшейтіледі.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізовтің айтуынша, қоғамдық орындарды ластау немесе қала аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу деректері бойынша азаматтар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2 және 505-баптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Айыппұл мөлшері 86 мың теңгеден асады.

Рейдтерге Экология департаментінің мамандары да қатысады. Олар демалушыларға табиғат аясында қоқыс қалдырмау, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Алматы қаласы Экология департаменті басшысының орынбасары Алмат Алқожаның мәліметінше, биыл министрліктің тапсырмасымен жедел штаб құрылып, оның жұмысы барысында 10 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Оның төртеуі бойынша тексеру жүргізілсе, қалған нысандарға қатысты аудан әкімдіктері мен жауапты тұлғаларға тиісті хаттар жолданған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулік ішінде 1 675 рет жол ережелері бұзылғаны анықталды

Бүгін 08:13

Алматыда ALMATY SUMMER FEST сахнасында Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды

Кеше 18:00

Таңдау өз қолымызда: алматылықтар алдағы сайлау туралы не ойлайды

Кеше 17:03

Кедергісіз сайлау: Алматыда әрбір сайлаушы үшін қолжетімді орта қалай қалыптастырылуда

Кеше 16:09

Есептен шығару куәлігінен үйде дауыс беруге дейін: Алматы сайлаушылары нені білуі маңызды

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);