AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Таза аула» экологиялық акциясы өтті

Алматыда «Таза аула» экологиялық акциясы өтті

Алматы Бүгін 12:43 61
Алматыда «Таза аула» экологиялық акциясы өтті

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Таза қала» жобасы аясында «Таза аула» экомобиль акциясы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Акцияның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру және қала тазалығын сақтауға үлес қосу.

Іс-шара аясында жасанды интеллект көмегімен экологиялық тақырыпта әзірленген бейнероликтер байқауы – «Ecomind» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқау экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударуға, қоршаған ортаны қорғау идеясын насихаттауға және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Қатысушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, табиғатты қорғау, қалдықтарды сұрыптау және тазалықты сақтау тақырыптарында бейнероликтер әзірледі.

Акцияға еріктілер мен колледж және жоғары оқу орындарының студенттері белсенді қатысып, экологиялық бастамаларды қолдауға өз үлестерін қосты. Олар қала тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізді.

Іс-шара барысында қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сабағы өткізіліп, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.

Акция соңында еріктілер мен басқа да қатысушылар тұрғындармен бірлесіп, жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Олар аумақты тазалау жұмыстарына атсалысып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

Таза қала – ортақ жауапкершілік! Алматыны бірге таза ұстайық!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#таза қала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

  Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 12:47

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Бүгін 12:15

2027 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

Бүгін 12:02

Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

Бүгін 11:18

Жеңіс туын желбіреткен: Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 102 жыл

Бүгін 11:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);