AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда тастанды сәби әкесімен қауышты

Алматыда тастанды сәби әкесімен қауышты

Оқиға 14.04.2022, 03:53 1,258
Алматыда тастанды сәби әкесімен қауышты
Сурет: Радио Свобода

Былтырғы қыркүйектен бастап биылғы ақпанның басына дейін бұл дерек айтылмай келген.


Екі жасар бала ұзақ уақыт Алматы ауруханаларының бірінде болған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Медеу ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ақпаратына сәйкес, Алматы ауруханаларының біріндегі екі жасар тастанды сәби әкесіне қайтарылды. Ведомствоның мәліметінше, әкесі қажет құжаттарды ұсынғаннан кейін, 17 наурызда бала туыстарына берілген.



«Әкесі екенін дәлелдейтін құжаттарды көрсетті. Сондықтан қамқоршылық және қорғаншылық органдары баланы әкесіне тапсырды», - деді Алматы қаласы білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Жанна Тасирова.



Еске салайық, екі жасар бала ұзақ уақыт Алматы ауруханаларының бірінде болған еді. Былтыр қыркүйектен бастап биыл ақпанның басына дейін бұл дерек айтылмаған. Бірақ кейінірек бұл жағдай әлеуметтік желілерде жарияланды, сөйтіп, ол қоғамдық резонанс тудырды.


Бала 22 қыркүйекте Asia Park СОО маңынан табылған. Сонымен қатар, оның қасында өзін баланың әкесімін деп таныстырған ер адам болған. Оның айтуынша, олар Жамбыл облысының Мерке ауылынан келген және баласымен бірге тұратын жері болмаған. Ер адам анасы баланы тастап, белгісіз бағытта кетіп қалғанын, балаға құжаттар жасамағанын айтқан еді.


Полицейлер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрғасын, оны ауруханаға жеткізген. Тексерістен кейін 37 жастағы ер адам бала ауруханада жатқан кезде құжаттар жасап, баспана табуға уәде берді. Алайда осыдан кейін ер адам жоғалып кеткен.



Әлеуметтік желілердегі айқай-шудан кейін әкесі болуы мүмкін ер адам қайта пайда болған. Сондай-ақ, тастанды баланың әжесі болуы мүмкін адам да табылған. Кейінірек баланың әкесіне берілетіні белгілі болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#тастанды #бала #әке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика