AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда тәртіп сақшылары сап түзеп, қауіпсіздікке...

Алматыда тәртіп сақшылары сап түзеп, қауіпсіздікке дайындықты пысықтады

Заң мен тəртіп 22.04.2025, 11:51 800
Алматыда тәртіп сақшылары сап түзеп, қауіпсіздікке дайындықты пысықтады
Сурет: Polisia.kz

Алматыда "Қауіпсіз жол" және "Жасөспірім" республикалық жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында біріктірілген полиция жасақтарының бірыңғай саптүзеуі өтті. 

Шараға Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың өзі басшылық етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жиын барысында Мемлекет басшысының "Заң және Тәртіп" қағидаты және ішкі істер министрі жариялаған Профилактика жылы аясындағы негізгі міндеттер жеке құрамға еске салынды. Әсіресе жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

— Алматы полициясы Мемлекет басшысы белгілеген басым бағыттарды басшылыққа ала отырып, жұмыс істейді. Заң мен тәртіп – біздің қызметіміздің іргетасы. Әрбір тәртіп сақшысы азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей жауапты. Өз борышын адал атқарып жүрген қызметкерлерге алғысымды білдіремін, — деді ПД бастығы Арыстанғани Заппаров.

Саптүзеу кезінде қоғамдық тәртіпті күн сайын қамтамасыз етіп жүрген патрульдік полиция мен өзге де құрылымдардың үздік қызметкерлері арнайы марапатталды. Тәулік бойы тұрғындардың тыныштығын күзететін тәртіп сақшыларының бұл жиыны — ішкі істер органдары жүргізіп отырған кешенді профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналды. Сонымен қатар бұл — полицияның бірлігі мен ел алдындағы жауапкершілігіне деген дайындықтың көрінісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қауіпсіз жол #жасөспірім #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университеті Ұлыс күнін тойлады

Бүгін 18:53

Алматыда «Ауыл» партиясы Наурызға орай ерекше акция ұйымдастырды

Бүгін 18:35

Future format-тағы Наурыз дәстүрі: Алматы жаңа буын декорациясымен таңғалдырады

Бүгін 18:12

«KitapFest-2026»: цифрлық технология мен шығармашылық тоғысқан алаң

Бүгін 18:10

Алматыда заңсыз салынған дәмхана бұзылып жатыр

Бүгін 18:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика