конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының түлект...

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының түлектерімен ашық диалог өтті

Алматы Бүгін 14:37 68 Сұлу
Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының түлектерімен ашық диалог өтті

Алматыда қала әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов «Талдау мектебі. Алматы» білім беру жобасының қатысушыларымен кездесті. Кездесу Narxoz Business School алаңында өтіп, қазіргі қоғамдық құндылықтар, шешім қабылдаудағы талдаудың рөлі және жастардың қаланы дамытуға қосатын үлесі тақырыптарына арналды. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

Іс-шараға талдау мектебінің түлектері, ғылыми қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, бизнес және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Қатысушылар жаңа буын көшбасшысы қандай болуы керектігін, ресурсқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру жолдарын және мемлекеттік басқаруда талдаудың маңызын талқылады.

Кездесуді ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов бүгінде мемлекеттің табысы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, адами капиталдың сапасымен, білім деңгейімен және азаматтардың жауапкершілігімен өлшенетінін айтты.

«Талдау мектебі. Алматы» – жай ғана білім беру бағдарламасы емес. Бұл деректерге сүйене отырып шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыратын, кәсіби сарапшылар қауымдастығын дамытатын және Алматының өзекті мәселелеріне қатысты нақты ұсыныстар әзірлейтін бірегей алаң», – деді Абзал Нүкенов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы айқындаған құндылықтар бүгінде қаланың жастар саясатының негізгі бағытына айналған. «Адал азамат», «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» қағидаттары «Жасыл ел», «Эко-рейнджерлер», «Azamat», «НаркоSTOP» жобаларында, өңірлік ғылыми гранттарда және «Жастар қатысатын бюджет» бастамасында көрініс тапқан. Бұл жобалар жастарға қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге атсалысып, идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында жауапкершілік, әділдік және ресурстарды ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру жайына да ерекше назар аударылды.

Science Hub білім беру платформасының эдьюкейторы Гүлдана Мәмбетова «Адал азамат» тұжырымдамасы жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне еріктілік қызмет, білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстары және жеке жауапкершілік арқылы айнала алатынын айтты.

«Әділетті Қазақстан ең алдымен мәдениетті, білімді, жауапты әрі адал азаматтардан басталады», – деді ол.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Құқық үстемдігі және жасанды интеллект орталығының директоры Дана Байтұқаева «Заң және тәртіп» қағидаты шешімдерді нақты деректерге сүйене отырып қабылдауды талап ететінін айтты. Сондай-ақ, қазіргі технология тек туындаған мәселелерді шешуге емес, олардың алдын алуға да қызмет етуі қажет екенін жеткізді.

Қазіргі жастардың құндылықтары туралы IT-кәсіпкер Айболат Құлатай да пікір білдірді. Оның айтуынша, цифрлық дәуірде жоғары оқу орындары білікті маман ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершілігі жоғары азамат тәрбиелеуге де басымдық беруге тиіс.

Кездесу соңында қатысушылар «Талдау мектебі. Алматы» жобасы кәсіби білімін қаланың өзекті түйткілдерін шешуге және қоғамдық маңызы бар бастамаларды әзірлеуге бағыттай алатын жас сарапшылар қауымдастығын қалыптастыруға ықпал ететініне тоқталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #талдау #жастар #Құндылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әлемдегі студенттер үшін ең қолайлы 80 қаланың қатарына енді

Бүгін 13:47

Дәстүрдің сыртқы формасына емес, мәніне үңілуіміз керек - этнограф

Бүгін 12:50

Алматылық этнографтар салт-дәстүрді бұрмаламауға шақырды

Бүгін 12:27

Қазақстанда сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды: Бас прокуратура ескерту жасады

Бүгін 12:25

Алматыда саяси партиялар өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);