Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда тағы бір оқу орны жабылуы мүмкін

Алматыда тағы бір оқу орны жабылуы мүмкін

Білім және ғылым 21.07.2021, 15:11 2,051
Алматыда тағы бір оқу орны жабылуы мүмкін
Сурет: Yandex.kz

ҚР БҒМ жүргізген қайта тексеру жұмыстарының нәтижесінде қаламызда орналасқан Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясынан айырылу алдында тұр.


Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Шет тілдер және іскерлік карьера университеті лицензиясының қолданылуын тоқтатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Біз елімізде білім беру сапасы мен кадрлар даярлауды жақсарту үшін жоғары оқу орындарында тексерулер жүргіземіз. Егер  университеттер қажетті талаптарға сай болмаса, онда ертең білімі мен біліктілігі төмен, еңбек нарығына жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес келмейтін мамандар шығады. Бұл ретте жоғары оқу орындарына бұзушылықтарды жоюға уақыт береміз, алайда олар кемшіліктермен жұмыс жүргізбейді. Осыған байланысты кейінірек қатаң шаралар қолдануға тура келеді. Университеттердің оқу жағдайларын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда, студенттерді белгілі бір мамандықтарға оқытуға деген көзқарасын жақсартуы үшін бұл өте маңызды. Әйтпесе, жоғары оқу орындары сапалы білім емес, тек дипломдар беретін болады. Мысалы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде білім беру сапасын қамтамасыз етудің ішкі жүйесі қалыптаспаған. Білім беру бағдарламаларын, жеке оқу жоспарларын талдау белгілі бір пәндер бойынша кредиттерді игеруде үлкен айырмашылықтарды көрсетті. Тиісінше, білім алушылар пәндерді толық көлемде меңгермейді. Оқыту нәтижелері бойынша студенттердің 90%-ы шекті деңгейден өте алмады. Оқу процесінде тіпті ең төменгі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін ескірген компьютерлер қолданылады. Бейіндік магистратура түлегіне ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесін беру бойынша бұзушылықтар да анықталды. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен бір жылдық магистратура түлегіне екі жылдық магистр дәрежесі берілді. Бұлар жоғары оқу орнында анықталған бұзушылықтардың аз ғана бөлігі», – деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің басқарма басшысы Эльвира Сапарбекова.



Бұдан әрі бас лицензиядан айыру және жоғары оқу орнын жабу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Заңнамаға сәйкес, лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда студенттер университеттің анықталған бұзушылықтарды жоюын күтпей-ақ, басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #институт #лицензия #БҒМ #МОН
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика