конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда суға түсу маусымында демалыс орындарының...

Алматыда суға түсу маусымында демалыс орындарының тазалығы бақылауға алынды

Алматы Кеше 16:23 85 Сұлу
Алматыда суға түсу маусымында демалыс орындарының тазалығы бақылауға алынды

Жазда алматылықтар мен қала қонақтары өзен-көл жағалаулары мен табиғат аясындағы демалыс орындарына жиі барады. Алайда демалыстан кейін қалдырылған тұрмыстық қалдықтар қоршаған ортаға зиян келтіріп, экологиялық жағдайдың нашарлауына әсер етеді. Осыған байланысты Алматыда суға түсу маусымы кезінде табиғи аумақтардың тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейтілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қаладағы көпшілік демалатын орындарда полиция қызметкерлері сәуірден бері тұрақты рейдтер жүргізіп келеді. Бақылау шаралары барысында табиғатты ластау деректері анықталып, тұрғындарға қолданыстағы талаптар түсіндіріліп жатыр.

Сәуірден бері 327 құқықбұзушылық тіркеліп, құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Сәуірден бері 327 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2 және 505-баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Ең үлкен айыппұл мөлшері – 30 айлық есептік көрсеткіш. Сондай-ақ, 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қарастырылған», – деді қалалық Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары Айтан Елеусізов.

Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес табиғат аясында қоқыс қалдырған азаматтарға 30 АЕК-ке дейін (86 мың теңгеден астам) айыппұл салынып, қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін.

Сонымен қатар, Алматы қаласының Экология департаменті Экология министрлігінің тапсырмасымен құрылған жедел штаб заңсыз қоқыс орындарын анықтау жұмыстарын жалғастырып келеді. Биыл қала аумағында 13 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, олардың төртеуі бойынша тексеріс жүргізілді. Қалған аумақтарды тазарту бойынша аудан әкімдіктері мен жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

«Биыл Алматы қаласы бойынша Экология департаменті Экология министрлігінің тапсырмасына сәйкес жедел штаб құрды. Соның нәтижесінде 13 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды. Бұл үйінділер бойынша 4 тексеріс жүргізілді. Ал қалған орындар бойынша тиісті әкімдіктер мен құзыретті органдарға хаттар жолданып, заңсыз қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді қалалық Экология департаменті басшысының орынбасары Алмат Әлқожа.

Алматы қаласының құзырлы органдары тұрғындарды табиғат аясында демалғаннан кейін қоқысты арнайы контейнерлерге тастауға немесе өзіме

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #суға шомылу мауысы #тазалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы онкологиялық орталығында Ашық есік күні кезінде науқаста бауыр қатерлі ісігіне күдік анықталды

Кеше 22:21

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Кеше 17:48

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Кеше 17:41

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Кеше 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Кеше 17:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);