AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда студенттерге арналған «Дос-Мұқасан ұясы»...

Алматыда студенттерге арналған «Дос-Мұқасан ұясы» жатақханасы ашылды

Барлығы 04.09.2025, 17:39 977
Алматыда студенттерге арналған «Дос-Мұқасан ұясы» жатақханасы ашылды
Алматы әкімдігі

Алматыда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде жаңартылған студенттік жатақхананың ашылу рәсімі өтті. Бұл тарихи ғимаратта кезінде аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі құрылған болатын. Қайта жөндеуден кейін «Дос-Мұқасан ұясы» деген атау иеленіп, студенттерге жаңа баспана ғана емес, университеттің мәдени мұрасын айшықтайтын орынға айналды.

Жатақхананың ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, университет ректоры мен оқытушы-профессорлар құрамы, сондай-ақ «Дос-Мұқасан» ансамблінің аңызға айналған өкілдері – Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Ұлықпан Сыдықов және Мейірбек Молдабеков қатысты.

Бүгін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті үшін тарихи күн. Жатақхана оқу орнының қарамағына қайтарылып, пайдалануға тапсырылды. Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң және тәртіп» қағидатының нақты орындалуының айғағы. Университет басшылығын, ұстаздар мен студенттерді осы қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Айта кетсек, бірнеше ай бұрын жатақхана сот шешімімен университетке қайтарылған болатын. Сот жекешелендіру бойынша жасалған келісімдерді заңсыз деп танып, ғимаратты университет қарамағына беру туралы қаулы шығарды. Осылайша, «Дос-Мұқасан» атымен байланысты тарихи ғимарат студенттерге қайта бұйырды.

Қазіргі таңда Алматыда 120-дан астам студенттер үйі пайдалануға берілген. Сонымен қатар әрбір жоғары оқу орнында студенттердің тұрмыстық мәселелерін шешуге арналған ахуалдық орталықтар жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жатақхана #Дос-Мұқасан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Кеше 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Кеше 19:46

Бостандық ауданында жаңа скверлер мен жүргіншілер аллеялары салынып жатыр

Кеше 19:44

Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді?

Кеше 19:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);