AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда сирек кездесетін аурумен ауыратын тұрғынд...

Алматыда сирек кездесетін аурумен ауыратын тұрғындарға қолдау күшейтіледі

Барлығы 10.12.2025, 18:48 406
Алматыда сирек кездесетін аурумен ауыратын тұрғындарға қолдау күшейтіледі
Алматы әкімдігі

Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясында орфандық патологиясы бар тұрғындарды дәрімен қамтамасыз ету мақсатында аурулар мен дәрілік препараттар тізімін кеңейту туралы шешім қолдау тапты. Бұл жайт соңғы жылдары мұндай жағдайдың күрт артуына байланысты қаралып отыр.

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын уақытша басқаратын Ләйлә Иманғалиева бұл үдерістің бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсіп отырғанын атап өтті:
«2017 жылы сирек диагнозы бар небәрі 140 пациент болса, бүгінде олардың саны 4 287-ге жетті».

Сондықтан тіршілік үшін маңызды препараттар тізімін кеңейту – жай ғана қолдау шарасы емес, заманауи дәрілерге мұқтаж тұрғындардың өмір сапасын сақтау үшін маңызды қадам болып отыр.

«Көп жағдайда бұл – ауруды бақылап, еңбекке қабілеттілікті сақтаудың әрі мүгедектікке әкелетін асқынулардың алдын алудың жалғыз жолы», – деді Ләйлә Иманғалиева.

Қабылданған шешімнің маңызды тұсы – тізімге енгізілген әрбір препарат нақты пациенттердің медициналық қажеттілігіне негізделген.

«Әрбір санның артында қиын жағдайда қалған нақты адамдар мен олардың отбасылары тұр. Біз оларды емдеуге қолжетімділікпен қамтамасыз етуіміз керек», – деді басқарма өкілі.

Қолдау шаралары ауыр аутоиммундық, неврологиялық және гастроэнтерологиялық диагнозы бар қала тұрғындарын да қамтиды. Бұл санаттағы пациенттерге жаңа буындағы инновациялық дәрілер қажет.

Депутаттар мақұлдаған қаржыландырудың негізгі мақсаты – денсаулығы қымбат әрі қолжетімділігі күрделі препараттарға тікелей тәуелді науқастарды тұрақты дәрілік терапиямен қамтамасыз ету.

Ләйлә Иманғалиеваның айтуынша, бұл шешім көру қабілетінің жоғалуын, ауыр неврологиялық асқынуларды, жүйелі аурулардың өршуін, сондай-ақ сирек патологиясы бар балаларда тұрақты парентералды қоректену қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді. Қабылданған шаралар мегаполисте емді үздіксіз жүргізуге және әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі нығайтуға жағдай жасайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика