конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда шомылуға тыйым салынған орындарда рейд кү...

Алматыда шомылуға тыйым салынған орындарда рейд күшейтілді

Алматы 19.07.2026, 21:30 208
Алматыда шомылуға тыйым салынған орындарда рейд күшейтілді

Алматыда аптап ыстыққа байланысты су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Құтқарушылар шомылуға тыйым салынған аумақтарда күн сайын рейд жүргізіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде демалушылар көп баратын орындардың бірі – Сайран көлі. Алайда мұнда шомылуға әлі де тыйым салынған. Себебі су астында терең шұңқырлар, күрт өзгеретін тереңдік пен тік еңістер бар. Осыған қарамастан кейбір тұрғындар тыйымға қарамастан суға түсуді жалғастыруда.

Құтқарушылар тәулік бойы су айдынын бақылап, жағалау бойында күнделікті патрульдеу мен профилактикалық рейдтер ұйымдастырады. Демалушыларға қауіпті аумақтарда шомылмау жөнінде ескерту жасалады.

Қауіпті орындардың бірі – Алатау ауданындағы Шаңырақ-1 шағын ауданындағы Үлкен Алматы каналы. Мұнда да шомылуға болмайды. Дегенмен ыстық күндері тұрғындар, әсіресе балалар, суға түсу үшін осы жерге жиі келеді.

Алатау аудандық төтенше жағдайлар басқармасының инженері Еркебұлан Төлеудің айтуынша, биыл шомылуға тыйым салынған орындарға 100-ге жуық ескерту белгісі орнатылған. Өйткені каналдағы ағыс өте қатты әрі су түбінің жағдайы белгісіз болғандықтан, бұл жер адамдардың өміріне қауіп төндіреді.

Жалпы Алматы қаласы мен тау бөктерінде өзендер, көлдер, каналдар мен тоғандарды қоса есептегенде 44 су айдыны бар. Оның 10-ы шомылу маусымында аса қауіпті аумақ ретінде белгіленген. Олардың қатарында Сайран көлі, Әуежай көлі, Шаңырақ шағын ауданындағы Үлкен Алматы өзені мен Есентай өзені бар.

ТЖД мәліметінше, қауіпті учаскелерде күн сайын рейдтер ұйымдастырылып, қауіпсіздік талаптарының сақталуы бақылауға алынады.

Сондай-ақ құтқарушылардың дерегінше, биылғы шомылу маусымы басталғалы Алматыда судағы жазатайым оқиғалар тіркелмеген. Ал рұқсат етілмеген орындарда шомылғандарға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 30 мың теңгеден астам айыппұл қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір тәулік ішінде 1 675 рет жол ережелері бұзылғаны анықталды

Бүгін 08:13

Алматыда ALMATY SUMMER FEST сахнасында Шәмші Қалдаяқовтың әндері шырқалды

Кеше 18:00

Таңдау өз қолымызда: алматылықтар алдағы сайлау туралы не ойлайды

Кеше 17:03

Кедергісіз сайлау: Алматыда әрбір сайлаушы үшін қолжетімді орта қалай қалыптастырылуда

Кеше 16:09

Есептен шығару куәлігінен үйде дауыс беруге дейін: Алматы сайлаушылары нені білуі маңызды

Кеше 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);