AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Алматыда саяси партиялар өкілдеріне арналған оқыту...

Алматыда саяси партиялар өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті

Сайлау 2026 23.07.2026, 12:09 526
Алматыда саяси партиялар өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті

2026 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы филиалында «Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын өткізу кезіндегі сайлауалды үгіт пен байқауды жүзеге асырудың құқықтық негіздері» тақырыбында саяси партиялар өкілдеріне арналған оқыту семинары өтті.

Іс-шараны 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырды. Семинарға тіркелген 7 саяси партияның өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының халықаралық байқаушылары Максанс Пенике мен Лела Талиури қатысты.

Семинарды Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова, комиссия мүшелері Сергей Гончаров пен Тұрар Инаят өткізді.

Семинар барысында сайлау науқанының негізгі кезеңдері, сайлауалды үгітті жүргізудің құқықтық негіздері, сенім білдірілген адамдарды тіркеу тәртібі, сондай-ақ байқаушылардың құқықтары, міндеттері мен өкілеттіктері қарастырылды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарын сақтау, сайлау процесінің ашықтығын, заңдылығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға сайлауалды үгітті жүргізу тәртібін, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының қызметін, қоғамдық және халықаралық байқауды ұйымдастыруды реттейтін заңнама нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар дауыс беру күні саяси партиялар өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және халықаралық байқаушылардың қатысуына байланысты мәселелер талқыланды.

Семинар соңында саяси партиялардың өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлау заңнамасын қолданудың практикалық мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 7 саяси партияның партиялық тізімін тіркеген болатын. Жалпы 7 саяси партияның партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына 545 кандидат тіркелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сайлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқу қайтадан сәнге айналды: Алматыда мыңға жуық жас Республика күніне орай флешмобқа қатысты

Бүгін 15:34

Алматылық шахматшылар әлем чемпионатында алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды

Бүгін 15:31

Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады

Бүгін 14:31

KGIR-2026: Олжас Бектенов шетелдік инвесторлармен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Бүгін 14:31

Колледждерден бастап МӘМС-ке дейін: Алматы кәсіпкерлері мемлекетпен қандай мәселелерді талқылап жатыр?

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);