конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда сарапшылар ел болашағын айқындайтын құнды...

Алматыда сарапшылар ел болашағын айқындайтын құндылықтарды талқылады

Алматы Бүгін 21:15 53 Сұлу
Алматыда сарапшылар ел болашағын айқындайтын құндылықтарды талқылады
Алматы әкімдігі

Алматыда “Заманауи қоғамдық құндылықтар жүйесі: басымдықтар мен даму келешегі” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бас қосуға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы, зиялы қауым өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар және қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ діни ұйымдарының өкілдері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты - қоғамдық құндылықтарды ғылыми және сарапшылық тұрғыдан зерттеп қана қоймай, оларды қоғамдық санаға сіңірудің тиімді тетіктерін табу, азаматтық қоғам институттарының осы бағыттағы рөлін айқындау болды.

Жиын барысында Мемлекет басшысы айқындаған қоғамдық дамудың басты идеологиялық бағдарлары - «Заң мен тәртіп» қағидасы, «Адал азамат» тұжырымдамасы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы, Әділетті Қазақстан, патриотизм мен жауапкершілік, отбасылық тәрбие сынды құндылықтар талқыланды.

«Алматы қашанда тұжырымдар қалыптасатын қала болған. Себебі интеллектуалдық жағынан әлеуеті өте жоғары. Мегаполисте 100-ден астам іргелі университтер орналасқан. Екіншіден, бұл жастар қаласы - 700 мыңнан астам жас азамат тұрады. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құндылықтарымызды қалыптастыру, ұлттық бірегейлігімізді нығайтудың басты тірегі — бұл тарихымызда, тілімізде, мәдениетіміз бен салтымызда екенін айрықша көңіл бөліп келеді. Біз дәстүрлі құндылықтарымызды қазіргі заманның үрдістерімен біріктіруіміз керек екенін біліп отырмыз. Сондықтан да біз қоғамды жаңа мәдениетке, сапалы құндылықтарға, ұлттық сана мен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек, - деді Алматы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов.

Ал Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын ұлттың рухани конституциясына теңеді. Оның айтуынша, бұл құндылықтар бүгінде қоғамды ұйыстырып тұр әрі мемлекеттің заңды тірегіне айналған.

«Бүгінгі бас қосуымыздың елдігіміздің рухани тұтастығы мен мемлекеттілік санасын нығайту үшін маңызы өте зор. Ұлы даланың тарихи сабақтастығы конституциялық құндылықтар арқылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани, тарихи және құқықтық негіздерін күшейтетін аса маңызды мәселе. Біздің ұлттық болмысымыз, тіліміз, дініміз және дәстүрлі құндылықтарымыз мемлекеттің қорғауындағы басты байлық. Қазақ халқының сан ғасырлық салты, дәстүрі мен әдет-ғұрпы — ұлттың рухани конституциясы іспетті. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, ата-ананы ардақтау, ақсақалдың батасын алу, парызды жүктеу, үлкеннің алдын кесіп өтпеу, қонақты төрге шығару, сөзге тоқтау, жеті атасын білу, туған жерін қасиеттеу — халқымыздың тәрбиелілігінің алтын өзегі. Бұл құндылықтар ұлтты ұйыстырады, қоғамдағы таптық пен келісімді сақтайды», - деді Мереке Құлкенов.

Дөңгелек үстелде Философия, саясаттану және дінтану институттың директоры Айгүл Сәдуақасова «Адал азамат» қағидасына тоқталып, оның маңыздылығы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, бұл қағида бүгінде ішкі моральдық мотивацияға негізделген тұлғаның заманауи моделін білдіреді.

«Оның басты мақсаты — адалдықты, жауапкершілікті, заңды құрметтеуді және қоғамдық игілікке қызмет етуді басшылыққа алатын азаматты тәрбиелеу», - деді Айгүл Сәдуақасова.

Сонымен қатар, ол «Адал азамат» қағидасы қазақ философиясының интеллектуалды мұрасына, соның ішінде Абайдың «Толық адам» іліміне сүйенетінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #құндылықтар #дөңгелек үстел #сарапшылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Корея Республикасының жетекші сарапшылары қатысатын халықаралық форумы өтеді

Бүгін 17:16

Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді

Бүгін 16:18

«Әке жолын қуса - игі»: Ұлттық ұланда әскери әулет дәстүрі жалғасып келеді

Бүгін 15:44

Алматыдағы тағы бір көшеде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 15:35

Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелер қалпына келтіріліп жатыр

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);