AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар...

Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді

Мәдени Алматы Кеше 12:23 139
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Осыған орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-бұқаралық, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарлама аясында концерт, музей және кітап көрмесі, дөңгелек үстел, спорттық жарыс, зияткерлік ойын, байқау, танымал тұлғалармен кездесу, флешмоб пен жастар акциясы өтеді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өткізу жоспарланған.

Негізгі іс-шаралар

23 қазанда Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтеді. Сол күні сағат 18:30-да «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Егемен ел – еңселі ел» концерті ұйымдастырылады.

25 қазанда «Медеу» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтеді.

Сол күні сағат 17:00-ден 21:30-ға дейін Абай алаңында танымал өнерпаздардың қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт өтеді.

10–25 қазан аралығында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған жалпықалалық «Оқитын ұлт – озық ұлт» акциясы өтіп жатыр.

20–25 қазан аралығында Мемлекеттік академиялық қуыршақ театрында Республика күніне орай IV Халықаралық «Almaty Puppet Festival – 2026» қуыршақ театрлары фестивалі өтуде.

Аудандардағы іс-шаралар

Алмалы ауданы

22 қазан, сағат 15:00 – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінде мерекелік концерт (Абылай хан даңғылы, 83).

Түрксіб ауданы

22 қазан, сағат 15:00 – №6 Оқушылар үйінде концерт.

Әуезов ауданы

22 қазан, сағат 15:00 – «Нархоз» университетінде мерекелік іс-шара (Жандосов көшесі, 55).

Наурызбай ауданы

22 қазан, сағат 14:30 – Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында концерттік бағдарлама (Шұғыла шағынауданы, 347/4).

Жетісу ауданы

23 қазан, сағат 11:00 – Мәдениет үйінде мерекелік іс-шара (Кемел шағынауданы, Есім хан көшесі, 127).

Медеу ауданы

23 қазан, сағат 12:00 – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында салтанатты концерт.

Бостандық ауданы

23 қазан – Satbayev University-де концерттік бағдарлама.

Алатау ауданы

24 қазан, сағат 18:00 – «Алатау» дәстүрлі өнер театрында мерекелік концерт.

Сонымен қатар Республика күніне арналған іс-шаралар Алматы қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты әлеуметтік орталықтарда да ұйымдастырылады. Қызмет алушылар үшін концерттік және ойын-сауық бағдарламалары әзірленген.

Мерекелік іс-шаралар Қазақстаннан тыс жерлерде де өтеді. 21–29 қазан аралығында «Алматы әуендері» КМҚК-ның «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі қала билігінің қолдауымен Италияның Рим және Флоренция қалаларында концерт береді. Өнер көрсетілімдері Республика күніне орай ұйымдастырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан халқына» Теміртауда балабақша салып жатыр

Бүгін 13:53

NVIDIA негізін қалаушы әрі бас директоры алғаш рет Астанада: Дженсен Хуанг Қазақстанның жасанды интеллект экосистемасымен танысты

Бүгін 13:49

Жолдағы жаңа есім: Qajet-ке қандай қолдау қажет?  

Бүгін 13:02

Алматыда Республика күні қарсаңында жастар арасындағы кітап оқу чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 12:56

Алматы тұрғындары Republic Day акциясы аясында мерекелік жеңілдіктерді пайдалануда

Бүгін 12:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);