AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Recycle Бірге экологиялық акциясы өтеді

Алматыда Recycle Бірге экологиялық акциясы өтеді

Алматы 03.09.2026, 17:10 343
Алматыда Recycle Бірге экологиялық акциясы өтеді

2026 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қаласында Recycle Бірге қалалық экологиялық акциясы өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл — тұрақты даму, саналы тұтыну мен қалдықты сұрыптап жинау қағидаты төңірегінде қала тұрғындарын, бизнес пен әлеуметтік бастамаларды біріктіретін экологиялық формат.

Жобаны «Greenup.kz» қоғамдық қоры 2019 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Оның негізгі мақсаты — қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылығын дамыту.

Экоакция аясында мынадай тақырыптық аймақтар ұйымдастырылады:

• Recycle — қайта өңдеуге жіберілетін қайталама шикізатты қабылдау;

• Reuse — қайта пайдалануға болатын заттарды жинау;

• Дармарка — заттарды тегін айырбастау аймағы;

• Кітап алмасу (Book Crossing) — кітаптар алмасу;

• Plant Swap — өсімдік алмасу;

• Workshops — шеберлік сабақтары;

• Fair — жергілікті экологиялық брендтердің жәрмеңкесі.

Әрбір Recycle Бірге экоакциясына 1500–2000-нан астам адам қатысады. Орта есеппен 4,5 тоннаға жуық қайталама шикізат жиналып, кейінгі қайта өңдеуге жіберіледі. Сонымен қатар 20-дан астам әлеуметтік және шығармашылық жобаға, қайырымдылық қорларына, жергілікті экологиялық брендтер мен эко-стартаптарға қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ экоакция аясында «Гедеон Рихтер Қазақстан» фармацевтикалық компаниясы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ішкі аурулар кафедрасымен және Кардиореабилитация қауымдастығымен бірлесіп арнайы медициналық алаң ұйымдастырады.

Қатысушылар бастапқы скринингтен өте алады: артериялық қан қысымын өлшеп, қандағы қант деңгейін анықтап, липидтік профильді тексеруге, сондай-ақ дәрігерлерден экспресс-кеңес алуға мүмкіндік болады. Алаңда кардиолог, терапевт пен невролог қарайды.

«Recycle Бірге экоакциялары — бұл жай ғана қалдықты жинау емес. Бұл адамдардың қоршаған орта мен бір-біріне деген қамқорлығын арттырып, қолдау мен мотивация табатын кеңістік. Біз экологиялық өмір салты қаламыздың әр тұрғыны үшін қолжетімді әрі күнделікті өмірдің қалыпты нормасына айналуы керек деп сенеміз», — дейді ұйымдастырушылар.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын отбасымен, достарымен және балаларымен бірге келіп, экологиялық тұрғыдан жауапты өмір салтына қарай бірге қадам жасауға шақырады.

Экоакция «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, Бостандық ауданы әкімдігі мен Қазақ мемлекеттік циркінің қолдауымен өткізіледі.

Ақпараттық қолдау көрсетуші: «Eco Almaty» ЖШС.

Акция Қазақ мемлекеттік циркінің аумағында (Абай даңғылы, 50) 12:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.

Ұйымдастырушы:

Recycle Бірге экологиялық қозғалысы («Greenup.kz» ҚҚ)

📍 Күні: 2026 жылғы 6 қыркүйек

🕛 Уақыты: 12:00–16:00

🏫 Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазақ мемлекеттік циркі (Абай даңғылы, 50)

📲 Толық ақпарат:

Instagram: @recycle.birge

Қазақ тіліндегі парақша: @recycle.birge.qaz

БАҚ өкілдерін, серіктестер мен қоршаған ортаға бейжай қарамайтын барша тұрғындарды акцияға қосылуға шақырамыз.

Себебі экология — тренд емес. Бұл — БІРГЕ жасайтын таңдауымыз.

БАҚ өкілдері үшін байланыс:

Алия Сальменова: +7 778 080 3001

Камила Акимбекова: +7 701 799 8082

Айгүл Муслимова: +7 777 249 9131

Телеграм арнаға жазылыңыз
#акция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

  Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін 12:47

Алматыда «Таза аула» экологиялық акциясы өтті

Бүгін 12:43

Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Бүгін 12:15

2027 жылғы діни күндер кестесі бекітілді

Бүгін 12:02

Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді

Бүгін 11:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);