Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған ғ...

Алматыда қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған ғылыми гранттар байқауы жарияланады

Барлығы 24.01.2026, 15:16 256
Алматыда қолданбалы ғылыми зерттеулерге арналған ғылыми гранттар байқауы жарияланады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған гранттар байқауын іске асыру жоспарланып отыр.

Гранттардың жалпы көлемі - 348 млн теңге, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің Алматының дамуына және қаладағы міндеттерді шешуге арналған диссертациялық жұмыстар мен ғылыми-зерттеу жобаларын қорғаған авторлармен өткен стратегиялық кездесу барысында айтылды.

Кездесу форсайт-сессия форматында өтіп, ғылыми әзірлемелерді мегаполисті дамытуда тәжірибелік тұрғыда қолдануға арналды. Сондай-ақ, ғылыми қауымдастық өкілдерімен мұндай кездесулер алдағы уақытта тұрақты түрде өтетіні атап өтілді.

Талқылау барысында қатысушылар атмосфералық ауа сапасын жақсартуға, көлік жүйесін дамытуға, сондай-ақ маятниктік көші-қонның теріс әсерін төмендетуге бағытталған жобасын ұсынды. Аталған бағыттар қаланың тұрақты дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырудың басты басымдықтары ретінде белгіленді.

Өз кезегінде Абзал Нүкенов қолдау байқау негізінде тек қолданбалы сипатта, қалалық инфрақұрылым мен басқару үдерістеріне нақты енгізуге бағытталған ғылыми жобаларға көрсетілетінін айтты. 

Кездесу Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Ғылым және технологиялар кеңесінің қызметі аясында өтті. Кеңес 2025 жылы ғылыми әлеуетті қалалық саясатқа жүйелі түрде біріктіру мақсатында құрылған. Ғылыми гранттар байқауын өткізу мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысты зерттеулерді қолдаудың тәжірибелік тетіктерінің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қолданбалы ғылыми зерттеулер #ғылыми гранттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының ӨКҚ анимациялық жобасы Көрісу күні туралы баяндады

Бүгін 22:27

Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

Бүгін 21:20

Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады

Бүгін 19:48

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика