Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қиын жасөспірімдердің тәртібі арнайы коми...

Алматыда қиын жасөспірімдердің тәртібі арнайы комиссияда қаралды

Заң мен тəртіп 16.04.2025, 17:26 667
Алматыда қиын жасөспірімдердің тәртібі арнайы комиссияда қаралды
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, бақылаусыз қалу жағдайларының алдын алу және ата-аналар мен балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында "Жасөспірім" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр.

Аталған іс-шара аясында Медеу ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында ата-аналық міндеттерін үнемі орындамай келе жатқан 40 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты іс қаралды. Талқылау нәтижесінде бұл мәселеге қатысты материалдарды ата-ана құқықтарын шектеу мақсатында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотқа жолдау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар сабаққа үнемі қатыспайтын кәмелетке толмаған жасөспірімнің ісі қаралды. Комиссия баланы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына орналастыру жөнінде материалдарды сотқа жолдауға шешім шығарды.

– Мұндай шешімдер тек ерекше жағдайларда, басқа алдын алу шаралары нәтиже бермеген жағдайда ғана қабылданады. Біздің мақсат – жазалау емес, жасөспірімнің өміріне қауіп төнген сәтте уақытылы араласу. Өкінішке қарай, көп жағдайда балалардың қиын жағдайға тап болуына ересектердің немқұрайлығы себеп болып отыр. Биыл – Алдын алу жылы. Осыған орай, ата-аналарға ерекше жауапкершілік жүктеледі. Бала тәрбиесі – отбасынан басталады, үлкендер үлгі болуы тиіс, – деді комиссия отырысында Ілияс Өмірсеріков.

 Қазіргі таңда қаланың барлық аудандарында профилактикалық шаралар белсенді түрде жалғасуда. Полиция қызметкерлері ата-аналар мен заңды өкілдерді балалардың жағдайына бей-жай қарамауға, мектеп пен профилактикалық органдармен тығыз байланыста болуға шақыруда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қиын жасөспірімдер #тәртібі #арнайы комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика