AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырып келген 4...

Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырып келген 4 адам ұсталды

Заң мен тəртіп 30.12.2021, 09:45 1,095
Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырып келген 4 адам ұсталды
Сурет: Inform.kz

1,5 миллиард теңге шығын келтірген қылмыскерлер темір торға тоғытылды


Алматыда қаржы пирамидаларының төрт ұйымдастырушысы сотталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының мәліметінше, қаржылық пирамидаларға қатысты төрт қылмыстық іс бойынша өндіріс аяқталды. Олардың қылмыстық әрекеттерінен барлығы 500-ге жуық адам зардап шекті. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгені құрады.



«Олардың бірі – 33 жастағы А.Лим есімді азамат, ол 2017 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың тамыз айына дейін алаяқтық әрекеттер жасау мақсатында азаматтардан инвестиция (қаражат) тартып, “LS ins” ЖШС құрған, азаматтар салған қаражатты толық көлемде және ешбір тәуекелсіз қайтаруға жалған кепілдік бере отырып, спорттық ойындардың нәтижелеріне ақша қою арқылы пайда көргісі келген. Көбірек баю мақсатында Л.есімді азамат инвестицияланған қаражат бойынша сыйақыны кез келген уақытта, әртүрлі тәсілдермен: картаға, банктік шотқа немесе кеңсеге аудару арқылы алуға болатынына “кепілдік берді”.  Алданған азаматтардың арыздары бойынша 188 қылмыстық іс тіркеліп, жалпы шығын 1 440 281 000 теңгені құрап отыр», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.



Алмалы аудандық сотының қаулысымен А.Лим есімді азамат 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.



«Сонымен қатар, тергеу басқармасының өндірісінде Д.Алдабергеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол әлеуметтік желі арқылы инвестициялық жобаның ашылғанын хабарлаған. Жобаның мәні букмекерлік кеңселерде, сондай-ақ әртүрлі бизнес жобаларға ставка жасау үшін салым салу арқылы қаражатты көбейту болды.  Осылайша, салымшылар Д.Алдабергеноваға және басқа адамдарға 30% және 50% пайда алу үшін банк карточкалары арқылы ақша аударған, бірақ кейіннен қаражатты аударғандарымен, олар пайданы алмаған. Күдікті Алмалы аудандық сотының судьясымен алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды», – деді Әбдірахманов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаржы пирамидалары #ұйымдастырғандар #қылмыстық іс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

Бүгін 09:10

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);