Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда қаржы пирамидаларымен күрес күшейді

Алматыда қаржы пирамидаларымен күрес күшейді

Заң мен тəртіп 20.10.2025, 12:26 794
Алматыда қаржы пирамидаларымен күрес күшейді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қаржы пирамидалары азаматтарға айтарлықтай қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Алматы қаласының құқық қорғау органдары оларды әшкерелеп, жолын кесуді күшейтті. 2025 жылдың 7 айының ішінде 1 000-нан астам адам зардап шеккен 10 алаяқтық жоба тоқтатылған. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде осылай деді.  

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында құқық қорғау органдары қаржы пирамидаcына қарсы белсенді жұмыс істеп жатыр. Алматыда мұндай жүйені анықтап, оны жоюды көздейтін іс-шаралар үзбей өткізіліп тұрады.

Интернетте алаяқтықты насихаттауға қарсы күресетін маңызды құралдың бірі – «Кибербақылау» ақпараттық жүйесі. Қазір осы жүйенің көмегімен 846 жарнамалық сілтеме бұғатталыпты.

Жыл басынан бері Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қала бойынша қаржы пирамидасын ұйымдастырған осындай 10 жүйенің жолын кесті. Одан  1 000-нан астам азамат зардап шегіп, биыл 6 қылмыстық іс сотқа жіберіліпті. 2023–2024 жылдары бұл көрсеткіш 31 іс болған екен.

Тергеу іс-шаралары аясында ұйымдастырушылардың банк шотына, жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне 7,7 миллиард теңге көлемінде тыйым салынды.

Мысалы, «ҮЙЛІ БОЛАЙЫҚ» дейтін жалған әлеуметтік жобаның жұмысы тоқтатылды. Олар өзін қайырымдылықпен айналысатын тұрғын үй бағдарламасы ретінде көрсетіп, пайызсыз бөліп төлеу арқылы үй алып береміз, салым сомасының 15–30% мөлшерінде табыс табасыздар деп алдап,  осы жүйеге адам тартқандарға бонус бермек болған. Бірақ ақшаның бәрі  ұйымдастырушылардың жеке шотына түсіп, қордың есепшотын мүлдем қолданбаған. Олар сөйтіп 515 салымшыдан 50 миллион теңгеден астам қаржы жинаған. Қазір күдіктінің банк шотына тыйым салынып, оған қатысты елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» атауымен тағы үш жүйеге қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейін ұйымдастырушылар әлеуметтік желілердегі таргеттелген жарнама арқылы азаматтарды осындай жобаларға тартып, бейнемазмұнды көру арқылы жылдам пайда табуға уәде берген. Қатысушылар криптовалюта арқылы қосымшаларды сатып алғаннан кейін, оларға сыйақылар есептеліп отырғандай көрінген. Алайда бұл бұрыннан белгілі пирамида жүйесі болып шықты. Алғаш кіргендердің табысын кейінгілердің салымының есебінен төлеп отырған. Тергеу барысында алаяқтар қолданған криптовалюта әмияны анықталып, 3,8 млн USDT көлемінде шектеу қойылды.

«Тергеу жалғасып жатыр, нәтижесін уақытылы жариялап отырамыз. Қаржы пирамидасына әр адам өз еркімен және заң аясынан тыс кіреді. Сондықтан салған ақшаңызды қайтаруға ешкім кепілдік бермейді. Дегенмен, кейбір жәбірленушілерге ақшасын қайтарып берген. Шығынды өтеу туралы шешімді тек сот қабылдайды», – деп атап өтті Сабырғали Балғалиұлы.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті азаматтарды қырағы болуға, жылдам пайда табуға шақыратын күмәнді жобаларға сенбеуге шақырды.

Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осындай күдікті ұйымдардың қармағына түсіп қалып жатса, Алматының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне Жібек Жолы даңғылы, 127 мекенжайы бойынша немесе 1458 нөміріндегі колл-орталыққа жедел түрде хабарласуыңызды сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қаржы пирамидалары #Кибербақылау #Сабырғали Балғалиұлы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22

Еркебұлан Тоқтар қырғыз файтеріне есе жіберді

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика