Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда қалалық полиорталық жобаларын әзірлеуге а...

Алматыда қалалық полиорталық жобаларын әзірлеуге арналған халықаралық байқау қорытындыланды

Барлығы 15.12.2025, 11:41 331
Алматыда қалалық полиорталық жобаларын әзірлеуге арналған халықаралық байқау қорытындыланды
сурет: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Шығыс қақпасы» және «Батыс» полиорталықтарының жобаларын әзірлеуге арналған халықаралық сәулет байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауды қала әкімдігі «SHARE Architects» сәулет қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Болашақ полиорталықтардың жобаларын Франция, Швейцария, Испания, Германия, Англия, АҚШ, Сингапур және басқа да елдердің 15 халықаралық компаниясы ұсынды.  


​
Іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға арнаған құттықтау сөзінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов бұл байқаудың қала үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл байқау Алматыны полиорталықты даму моделіне көшіру жолындағы маңызды қадам.

​"Халықаралық қазылар алқасының қарауына жоғары деңгейде әзірленген, тың әрі жан-жақты әзірленген жобалар ұсынылды. Олардың әрқайсысы Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына негізделген стратегиялық міндеттерді жаңа қырынан пайымдауға өзіндік үлес қосты. Қаламыз тау ландшафтын үйлестіру мен озық жасыл технологияларды енгізу арқылы тұрғындар үшін барынша жайлы орта қалыптастыруға ұмтылады. Біз шығармашылық және инженерлік әлеуетті тоғыстыратын аймақтық хабқа айналуған ниеттіміз. Бұл жолда үздік халықаралық командаларды тарту – басты басымдықтардың бірі. Сіздердің идеяларыңыз бен тәжірибелеріңіз Алматының ертеңгі келбетін қалыптастыруға бүгіннен бастап үлес қосып отыр", – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.

Германиядан келген қазылар алқасының мүшесі Роланд Бехман қаланың даму әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Оның пікірінше, Алматы шығыс мәдени мұрасы мен заманауи қала құрылысы үрдістерін ұштастыра отырып дамуға қабілетті. Сондай-ақ ол байқауға қатысушылар ұсынған жұмыстар қаланың орнықты инфрақұрылым мен жайлы жасыл орта қалыптастыруға бағытталған даму бағытына толық сай келетінін айтты.

​Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:  

«Шығыс қақпа» полиорталығы номинациясында — ENOTA (Словения);  
«Батыс» полиорталығы номинациясында — LDA Design сәулет бюросы (Ұлыбритания).

​«Біздің жоба жаяу жүру өмір салтын дамытуға, сондай-ақ қоғамдық көлікпен жайлы әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған. Тұрғын үй, коммерциялық нысандар, үлкен саябақ және әлеуметтік инфрақұрылым — біз олардың арасындағы тепе-теңдікті табуға тырыстық. Яғни, «15 минуттық қала» тұжырымдамасы аясында адамға қажетті негізгі қызметтердің барлығы жаяу баруға болатындай жерде болады», - деді LDA Design компаниясының өкілі Евгений Дидоренко. 

Айта кетейік, Алматыда 5 полиорталық құру жоспарланған: «Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік-батыс», «Шығыс қақпа» және «Тарихи орталық». Бұл бастама экономикалық белсенділікті тең бөлуге, көлік жүктемесін азайтуға және қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы әкімдігі #байқау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06

Алматылықтар тарихи күнде белсенділік танытты

Бүгін 23:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика