AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Алматыда қай жерде тегін жүгірумен айналысуға бола...

Алматыда қай жерде тегін жүгірумен айналысуға болады

Спорт Бүгін 14:13 43
Алматыда қай жерде тегін жүгірумен айналысуға болады
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Қатысушылар өзіне қолайлы қашықтық пен қарқынды таңдай алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда жүгіруді енді бастағандар мен тәжірибелі спортшыларға арналған тегін жаттығулар өтеді. Бұл туралы қалалық спорт басқармасының өкілдері айтты.

Almaty Marathon ұйымдастырушысы – «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры әр сәрсенбі және сенбі күндері Орталық стадионда жаттығу өткізеді. Қатысушылар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен жаттығып, жүгіру техникасын жетілдіреді және жүктемені дұрыс бөлуді үйренеді. Алдын ала тіркелу қажет емес, жаттығудың нақты уақыты @openrunam Telegram арнасында жарияланады.

Әр жексенбі сайын қаланың әртүрлі бағыттарында Community Almaty Run тегін жүгіру жаттығулары ұйымдастырылады. Қатысушылар өзіне қолайлы қашықтық пен қарқынды таңдай алады. Жүгіруден кейін дайындық, қалпына келу, тамақтану және жарақаттың алдын алу тақырыптарында ашық дәріс өтеді. Кесте @runalmatymarathon Telegram арнасында жарияланады.

Әдетте жаттығу денені қыздырудан, жүгіруден, баяулап тынысты қалпына келтіруден және созылу жаттығуларынан тұрады. Жүгіруді енді бастағандарға өзіне ыңғайлы қарқынды таңдап, алғашқы жаттығу екенін жаттықтырушыға алдын ала айту ұсынылады.

Жаттығуға ыңғайлы спорттық киім, жүгіруге арналған аяқ киім және су жеткілікті.

Айта кетейік, Алматы әкімдігінің қолдауымен мерейтойлық 15-ші Almaty Marathon 27 қыркүйекте өтеді. Оған 60-тан астам елден 16 мың қатысушы жиналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жаңа оқу жылына орай 12 мыңнан астам оқушы орны ашылды

Бүгін 14:39

«Қауіпсіз болашақ – саналы таңдаудан басталады»

Бүгін 14:17

Мемлекет басшысы Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Бүгін 13:27

Сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестік аясын кеңейтудің стратегиялық мәні зор - Тоқаев

Бүгін 13:23

Президент Қырғызстан ШЫҰ табысты төрағалық еткенін айрықша атап өтті

Бүгін 13:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);