AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда пойыз билеттерін заңсыз сатқан делдалдар...

Алматыда пойыз билеттерін заңсыз сатқан делдалдар ұсталды

Заң мен тəртіп 22.07.2024, 13:34 1,023
Алматыда пойыз билеттерін заңсыз сатқан делдалдар ұсталды
Сурет: 24.kz

Алматыда пойыз билеттерін сатып, жолаушыларға заңсыз қызмет ұсынған делдалдар ұсталды.

Жұрт билет таппай, сабылып жүрсе, кей пысықтар мұны табыс көзіне айналдырған. Жылда жаз мезгілінде қайталанатын бұл жағдайға тосқауыл болмай тұр. Пойыздарға билет жоқ, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар баратын жеріне уақытылы жету үшін ертерек қамдануды әдетке айналдырған. Ал шұғыл жолға шығуы керек адамдар касса табалдырығын тоздырып жүр. 

Мұндай кезді пысықайлар ұтымды пайдаланады. Олар вокзалға келген көпшілікке "көмегін" ұсынып, пайда көріп жүр. Жақында Алматыда осындай заңсыз қызметпен айналысқандар ұсталды.

Нариман Дүйсекеев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі: 

Қазір 15 цифрлық платформа арқылы билет сатып алуға болады. Одан бөлек билет.рейлуейс.кз сайтында ешқандай комиссиясыз жол жүру құжаты сатылады. Егер сіз қалаған бағытта билет болмаса күту парағына тіркеле аласыз. Кезекке жолға шығудан жеті күн бұрын, тіпті бірнеше сағат қалғанда да тұруға болады. Жыл басынан бері 17 мың билет осы күту парағы арқылы сатылды.

 Жауаптылардың айтуынша, билеттің болмауына вагон тапшылығы басты себеп. Қазір ұлттық тасымалдаушының 2150 вагоны бар. Оның 450-і ескірген. 2030 жылға дейін паркті 90 пайыз жаңартуды жоспарлап отыр. Бұл бағытта отандық және шетелдік компаниялармен келісімдер жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #пойыз билеттері #делдалдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Бүгін 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Бүгін 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Бүгін 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);