Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда патрульдік полиция қызметкерлеріне алғашқ...

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету сабағы өткізілді

Заң мен тəртіп 25.07.2022, 06:40 1,238
Алматыда патрульдік полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету сабағы өткізілді
Сурет: Polisia.kz

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету сабағы өткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Келесі тәжірибелік сабақ жауынгерлік бөлімнің таңғы сап түзеуінде өтті.



«Бізге дәстүрлі түрде “Қазақстанның Қызыл жарты айы” ҮЕҰ-ның өкілдері көмектеседі. Олар жарақаттар мен жазатайым оқиғалар кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақтар циклін үнемі өткізеді. Бұл тәжірибелік сабақтар теориялық әдебиеттер мен алғашқы медициналық көмек қобдишаларын таратумен бірге жүреді. Тәжірибеде полиция қызметкерлері зардап шеккендерге немесе босанатын әйелдерге алғашқы медициналық көмек көрсететін жағдайлар кездеседі. Адамдарға зиян тигізбеу үшін оны дұрыс жасау маңызды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.



Сондай-ақ, Алматы полициясы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында “Қауіпсіз жол” республикалық айлығы өтіп жатқанын атап өтті.



«Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын азайту және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, оған қатысушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалауға, дұрыс қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстар мен басқа да заңсыз көріністерді дер кезінде алдын алуға және жолын кесуге баса назар аударады. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер арасында жол қауіпсіздігінің алдын алу жұмыстары күшейтілді», –  деді Е. Ұзабаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Патрульдік полиция #алғашқы медициналық көмек #сабақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Журналистер аллеясы пайда болды

Бүгін 11:13

Алматыда былтыр із-түзсіз жоғалған ер адам өлі табылды

Бүгін 10:38

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика