AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Алматы Бүгін 12:25 58 yakiya
Алматыда пәтер ұрлығы  азайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

2026 жылдың басынан бері Алматыда мүліктік қылмыстардың саны 23%-ға азайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Пәтерлер мен автокөліктерге заңсыз кіру, ұялы телефондарды ұрлау және қалта ұрлығы деректері айтарлықтай төмендеген. Сонымен қатар, полиция жаз мезгілінде велосипед, самокат және мопед ұрлығы көбейетінін ескертіп, тұрғындарды жеке мүлкіне қатысты қырағы болуға шақырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Полиция мәліметінше, меншікке қарсы қылмыстардың негізгі түрлері бойынша оң динамика байқалады. Атап айтқанда, пәтер ұрлығының саны 26%-ға, автокөліктерден жасалған ұрлықтар 34%-ға, қалта ұрлығы 7,7%-ға, ал ұялы телефондарды заңсыз иемдену жағдайлары 18%-ға төмендеген.

Спикердің айтуынша, қылмыс деңгейінің төмендеуі - полицияның жедел және саптық бөлімшелерінің кешенді жұмысының, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заманауи тәсілдерді енгізудің нәтижесі.

«Біздің міндетіміз - қылмыстарды ашумен қатар, олардың алдын алу. Сондықтан профилактикалық жұмыстарға, криминогендік ахуалды талдауға және туындауы мүмкін қауіп-қатерлерге дер кезінде ден қоюға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай тәсіл қаладағы ұрлық санының тұрақты төмендеуіне ықпал етіп келеді», - деді Салтанат Әзірбек.

Жыл басынан бері полицейлер бөтеннің мүлкін ұрлауға маманданған алты қылмыстық топты ұстады. Олардың құрамында шамамен 50 қылмыстық эпизодқа қатысы бар деген күдікке ілінген 36 адам болған.

Жалпы мүліктік қылмыстар азайғанымен, жаз мезгілінде Алматыда велосипед, мопед және самокат ұрлығы көбейеді. Мұндай жағдайлардың көбі иелерінің салғырттығынан орын алады. Олар көліктерін қараусыз қалдырып, бекітпейді немесе адам сирек жүретін жерлерге қояды.

Осыған байланысты алматылықтарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады: сенімді құлыптарды пайдалану, мүлікті қауіпсіз орындарда сақтау, сондай-ақ мүмкіндігінше бейнебақылау жүйелерін орнату.

Қазіргі уақытта құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оларды ашуда бейнебақылау камераларының рөлі ерекше. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері Алматыдағы қалалық бейнебақылау жүйелерінің көмегімен бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты үш мыңға жуық қылмыс ашылған.

«Бейнебақылау камералары құқық бұзушылық жасаған адамдарды жедел анықтауға және олардың әрекеттерін тіркеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, камералардың болуы қылмыстың алдын алуға да ықпал етеді, өйткені құқық бұзушылар өз әрекеттерінің назардан тыс қалмайтынын біледі. Сондықтан қалалық бейнебақылау жүйесін дамыту және оған жеке камераларды қосу жұмыстары біздің басты бағыттарымыздың бірі болып қала береді», – деді Салтанат Әзірбек.

Полиция құқық бұзушылықтардың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Сондықтан тұрғындардың өз мүлкіне ұқыптылықпен қарап, сақтық шараларын ұстануы маңызды. Алматыда «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұрлықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру жұмыстары жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бейнебақылау жүйесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);