Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Өзбекстанның ежелгі дәстүрлері мен бай мә...

Алматыда Өзбекстанның ежелгі дәстүрлері мен бай мәдениеті таныстырылды

Мәдени Алматы 19.03.2025, 19:17 945
Алматыда Өзбекстанның ежелгі дәстүрлері мен бай мәдениеті таныстырылды
Қазақ ұлттық опера және балет театры

17 наурыз күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында би өнерінің жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алған «Лазги. Жан мен махаббат биі» балетінің қойылымы өтті. Қойылымды «Өзбекстанның ұлттық балеті» труппасы ұсынды.

Кештің құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Өзбекстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі Саида Мирзиёева, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев болды.

Ташкенттен Алматыға дейін

Балеттің тұсаукесері 2021 жылы Ташкентте өтті. Халықаралық премьерасы Дубай опера сахнасында қойылып, кейін Париж, Лондон, Мәскеу, Бейжің, Баку және Стамбул қалаларында көрсетілді.

Белгілі неміс хореографы және балетмейстері Рауль Раймондо Ребек қойған бұл ерекше қойылым Лазги биіне арналған. Бұл ежелгі халық биі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде мойындалған. Үш мың жылдық тарихы бар бұл би халықтың даналығы мен ұлттық дәстүрлерінің рухын бейнелейді. Күрделі қимылдардың, ерекше стильдің және қуатты энергетиканың үйлесуі бұл биді нағыз мәдени феноменге айналдырады.

Қойылым көрермендерді Ұлы Жібек жолы бойымен Орталық Азияны кесіп өткен керуендер заманындағы алыс өткен шаққа жетелейді. Шөл даланың аптап ыстығында, шамандық әуендердің сиқырлы ырғағымен Махаббат дүниеге келіп, Мәңгілік Жан өзінің шексіз биін бастайды. Бұл жол – өткеннен бүгінге дейінгі көпғасырлық дәстүрлер мен халық рухының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын бейнелейді.

Келесі қойылым – Астанада

Балет Өзбекстанның Мәдениет және өнерді дамыту қорының (ACDF) қолдауымен ұйымдастырылды. Келесі қойылым 27 наурыз күні «Астана Опера» театрында өтеді.

Шығармашылық топ:

Идея авторы: Саида Мирзиёева
 Жоба жетекшісі: Гаянэ Умерова
 Либретто және хореография: Рауль Раймондо Ребек
 Сценография: Йоко Сеяма
 Костюм дизайнері: Фрол Буримский
 Музыкалық өңдеу және композиция: Дэвидсон Джаконелло
 Жарық қоюшы суретші: Тим Вацлавек
 Кеңесшілер: Гүлнора Мусаева және Гавхар Матякубова

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Лазги #Өзбекстан #балет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 12:33

Атырау облысында бір топ жігіт полицейлерге шабуыл жасады

Бүгін 11:49

Алматылықтардың зәресін алған қыздар елден шығарылды

Бүгін 10:14

Қазгидромет 5 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды

Бүгін 09:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика