Сонымен қатар, 8 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде өткен тәулікте Алматы қаласының аумағында Жол жүрісі қағидаларының 1 826 бұзушылығы анықталды, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 147 өрескел бұзушылық тіркелді.
Алматы қаласының прокуратурасының мәліметінше, анықталған бұзушылықтардың ішінде:
• көлік құралын мас күйінде басқару – 6;
• көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы – 1;
• жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен (МТНБ) көлік құралын басқару – 1;
• қарсы қозғалыс жолағына шығу – 7;
• маневр жасау қағидаларын бұзу, оның ішінде қауіпті маневр жасау («шашка») – 68;
• қауіпсіздік белдігін тақпау – 41;
• көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдалану – 23.
Сонымен қатар, 8 көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды.