AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда осыдан екі апта бұрын такси жүргізушісіне...

Алматыда осыдан екі апта бұрын такси жүргізушісіне шабуылдаған қарақшылар ұсталды

Заң мен тəртіп 01.04.2022, 10:00 1,434
Алматыда осыдан екі апта бұрын такси жүргізушісіне шабуылдаған қарақшылар ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Ауыр қылмыс екі апта бұрын Түрксіб ауданында орын алған.


Такси жүргізушісіне бірнеше жерден пышақ сұққан үш күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



«Үш ер адам бизнес-кластағы таксиге тапсырыс беріп, жүргізушіден оларды әуежайға жеткізіп тастауын сұраған. Алайда жолда жолаушылар такси жүргізушісіне шабуыл жасап, оған көптеген пышақ жарақатын салған. Шабуылдың нәтижесінде қаскөйлер Toyota Camry көлігін иемденген. Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел іздестіру тобы құрылып, оның құрамына криминалдық полиция және Түрксіб аудандық ПБ-ның қызметкерлері кірді. Күдіктілер дереу анықталды. Олар жасырынуға тырысқан. Алайда қазір күдіктілер ұсталды және қамауға алынды. Қылмыскерлер басқа біреудің көлігін кәдеге жарата алмады. Шетелдік көлік иесіне қайтарылды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.



Қазір ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Олар – 1993, 1998 және 2000 жылы туған Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары.



«Маған шабуыл жасаған адамдардың ұсталғаны туралы хабарлағанда, шынымды айтсам, қатты қуандым. Полиция қызметкерлеріне кәсіби қызметі үшін алғыс айтамын», — деді қарақшылардың қолынан жапа шеккен алматылық.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарақшылық шабуыл #Такси #күдіктілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Бүгін 11:39

Ораза айт күні қандай амалдар жасау керек?

Бүгін 11:29

Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды

Бүгін 11:23

Алматыда ат спорты танымал болып барады

Бүгін 11:11

Берешегін өтеген алматылық кәсіпкердің айыппұлы мен өсімпұлын алып тастайды

Бүгін 10:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика