Алматыда митраль қақпақшаны транскатетерлік емдеу бойынша шеберлік сабағы өтті

Алматыда митраль қақпақшаны транскатетерлік емдеу бойынша шеберлік сабағы өтті Сурет: Gov.kz

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында «Митраль жеткіліксіздігін транскатетерлік емдеудің заманауи тәсілдері. Dragonfly™» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында институттың интервенциялық кардиологтары халықаралық сарапшылармен бірлесіп, жоғары хирургиялық қауіпі бар 71 жастағы пациентке сәтті операция жасады. Пациентте айқын митраль жеткіліксіздігімен қатар, кернеу стенокардиясы, I дәрежелі артериялық гипертония, инсулинге тәуелді қант диабеті және диабеттік полиневропатия сияқты қосалқы аурулар болған.

Бұған дейін пациент миокард инфарктісін өткерген. Оны жүрек соғысының жиілеуі, ентігу, аяқтың ісінуі, жалпы әлсіздік пен тез шаршау мазалаған.

Операция митраль қақпақшаны транскатетерлік қалпына келтіруге арналған Dragonfly™ инновациялық жүйесін қолдану арқылы жүргізілді. Бұл — Қытайда әзірленген және TEER (Transcatheter Edge-to-Edge Repair) технологиясына негізделген алғашқы құрылғы. Аталған әдіс митраль жеткіліксіздігін емдеудің ең клиникалық тұрғыда зерттелген және халықаралық деңгейде мойындалған интервенциялық тәсілдерінің бірі саналады.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, бұл технология «ашық» операцияға қарсы көрсетілімі бар, қосалқы аурулары көп пациенттерді емдеуде жетекші еуропалық клиникаларда өзінің тиімділігін дәлелдеген.

Рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктың меңгерушісі Алексей Колесников TEER терапиясы жоғары хирургиялық қауіпі бар пациенттерде митраль қақпақшасының қызметін қалпына келтірудің халықаралық стандарты екенін атап өтті.

Dragonfly™ жүйесін қолдану Қазақстанда интервенциялық кардиологияны дамытуға және митраль жеткіліксіздігін емдеудің ең аз инвазивті әдістерінің қолжетімділігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Операция сәтті өтті. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:45

16:07

16:04

16:01

15:52

15:49

15:47

15:42

15:18

14:45

14:08

12:47

12:20

11:45

11:10

10:45

10:20

09:48

09:27

08:58

20:19

17:39

17:35

17:25

17:12