AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда ми тамырындағы тромб 30 минутта алынды

Алматыда ми тамырындағы тромб 30 минутта алынды

Алматы Бүгін 15:05 37
Алматыда ми тамырындағы тромб 30 минутта алынды

Алматы қалалық №2 клиникалық ауруханасында ми тамырындағы тромбты алып тастауға бағытталған шұғыл ота сәтті өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Отадан кейін науқастың неврологиялық бұзылысы толық жойылды.

1957 жылы туған науқасты ауруханаға жедел жәрдем бригадасы жеткізген. Дәрігерлер оның есі тұманданғанын, денесінің сол жақ бөлігі салданғанын және көз қимылының бұзылғанын анықтаған.

Тексеру барысында миды қанмен қамтамасыз ететін оң жақ ортаңғы ми артериясының М1 сегментінде тромб бары белгілі болды. Мұндай жағдайда қан айналымының бұзылуы ми тіндерін зақымдап, ауыр зардапқа әкелуі әбден мүмкін еді. Сондықтан науқасқа шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болды.

Дәрігерлер рентгенэндоваскулярлық тромбэктомия жасады. Бұл - қан тамырының ішіндегі тромбты арнайы құралдардың көмегімен алып, қан айналымын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін заманауи емдеу әдісі.

Жалпы наркозбен жүргізілген ота 30 минутқа созылды. Отадан кейін науқастың неврологиялық бұзылысы толық жойылды.

Отаға қатысқан медициналық топтың құрамында оператор Максим Аргумбаев, ассистент Дархан Жетпісбаев, анестезиолог Ринат Касенов және оталық медбике Эльмира Аюпова болды.

«Ишемиялық инсульт кезінде зақымданған қан тамырындағы қан айналымын мүмкіндігінше тез қалпына келтіру аса маңызды. Көмектің дер кезінде көрсетілуі науқастың кейінгі жағдайына тікелей әсер етеді. Бұл жағдайда диагноздың жедел қойылып, мамандардың үйлесімді жұмыс істеуінің арқасында неврологиялық бұзылысты толық жоюға мүмкіндік туды», - дейді нейрохирург Дархан Жетпісбаев.

Бұл жағдай инсульт кезінде уақтылы медициналық көмек көрсетудің және заманауи емдеу әдістерін қолданудың маңызын көрсетеді. Қан айналымын дер кезінде қалпына келтіру ауыр асқынуың алдын алуға мүмкіндік беретінін есте сақтайық.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аурухана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тәртіп пен тазалық – ұлттық идеологияның алтын діңгегі

Бүгін 15:59

Ешкіөлмес бөктерінен жеткен жылу

Бүгін 15:20

Алматыда аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобына арналған арт-инсталляция ашылады

Бүгін 15:19

Ауқымды құрылыс бағдарламасы: Шығыс Қазақстан облысында медициналық және жол-көлік нысандарының құрылысына 105 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Бүгін 15:15

Алматы әкімінің жеке қабылдауында 20-ға жуық өтініш қаралды

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);