Құқық бұзушылықты Райымбек Батыр бекетінде қызмет ететін полиция қызметкері анықтады,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
«Бұл дерек 13 сағат 45 минутта рентген-телевизор қондырғысы арқылы жүргізілген тексеру кезінде анықталды. Іле ауданының 17 жасар тұрғыны ұсталды оның сөмкесін тексеру кезінде кастет табылды. Жас жігіт өзін ақтап алуға асығып, сөмкесін досына тиесілі екенін түсіндірді. Құқық бұзушы аумағына қарай Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды. Оның әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданылып, құқықтық баға берілетін болады», – деді метрополитен полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.
Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында осы жылдың 20-30 қарашасы аралығында қалада “Құқықтық тәртіп” жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ол вандализм деректерін, мүліктік залал келтіруді, ұсақ бұзақылықты, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтау және жолын кесуге, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.