Алматыда мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген жүргізушілер анықталды

Алматыда мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген жүргізушілер анықталды Сурет: Polisia.kz

Алматыда “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда.

ЖААІШ негізгі мақсаты – жазатайым оқиғаларды азайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдарда тұрақты мінез-құлық мәдениетін дамыту. Көлік құралдарын, оның ішінде мопедтерді тіркеуге ерекше назар аударылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Олардың жартысынан көбі мопед жүргізушілері.   Бұл бұзушылықтар қауіпсіздік деңгейіне тікелей әсер етіп, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясындағы жұмыс тек заң бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысы ережелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

— Жол қауіпсіздігі – әр қатысушының ортақ жауапкершілігінің нәтижесі. Полиция қызметкерлері көшелерде қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін тәулік бойы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36