AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия о...

Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті

Алматы 03.06.2026, 17:08 458
Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге дайындық барысы, мемлекеттік рәміздердің қолданылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері және оларды кеңінен насихаттау мәселелері қаралды.

Отырыс барысында мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің маңызды нышандары екені атап өтілді. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мәртебесіне сай қолданылуын қамтамасыз ету, заң талаптарының сақталуын тұрақты бақылауда ұстау – барлық мемлекеттік органдар мен мекемелердің ортақ міндеті екені айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдерінің аппараттарына, Білім және Денсаулық сақтау басқармаларына мемлекеттік рәміздерді пайдалану барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар, Ішкі саясат басқармасына мемлекеттік органдармен бірлесіп қоғамдық мониторинг жұмыстарын жалғастыру міндеттелді.

Комиссия мүшелері жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызын түсіндіруге бағытталған іс-шараларды жүйелі түрде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Отырыс қорытындысында мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, оларды пайдалану талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сәтбаев салған сара жол

Бүгін 20:26

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Бүгін 19:30

«Жігітім алаяқ болып шықты»: сүйіктісіне алданғандар өзін қалай қорғай алады?

Бүгін 19:24

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);