конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекет...

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Алматы 04.06.2026, 14:38 203 yakiya
Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді
Алматы әкімдігі

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы Медеу биік таулы спорт кешенінде Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты көтеру рәсімі өтті.

Патриоттық іс-шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, мәдениет және спорт қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімге жалпы саны бір жарым мыңнан астам адам жиналды.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін мерекелік іс-шара шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың концертімен жалғасты.

Сондай-ақ, қаладағы барлық ауданда салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, Мемлекеттік Әнұран жаппай орындалды. Алматы тұрғындары ел Әнұранын саябақтарда, мектептерде және өзге де қоғамдық орындарда орындап, мемлекеттік рәміздердің маңызы мен ұлттық бірліктің мәнін айқындай түсті.

Мереке аясында қалада тақырыптық конференциялар, жастар челлендждері мен ағартушылық акциялар өткізілді. Арбаттағы ғимараттар мен Алматы қонақ үйі ғимаратының қасбеттеріне мемлекеттік тулар ілінді.

Мерекелік бағдарламаның қорытындысы ретінде Көктөбе аумағында ашық аспан астында (Open Air) концерт өтеді. Оған Қазақстанның танымал өнерпаздары қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік рәміздер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының тауларында жарақат алған қыз тікұшақпен эвакуацияланды

Бүгін 11:14

Англия Францияны жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 10:06

Алматыда қалалық көшет тәлімбағы құрылуы мүмкін

Кеше 19:01

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Кеше 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Кеше 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);