AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның н...

Алматыда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның негізгі ережелері түсіндірілді

Алматы Бүгін 15:42 39 yakiya
Алматыда «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның негізгі ережелері түсіндірілді
Алматы әкімдігі

Алматыда 2026 жылы 1 шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кеңес өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, басқарма басшылары, аудан әкімдері, құқық қорғау және аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Кездесуді ашқан Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

«Мемлекетке қызмет ету – ең жауапты әрі мәртебелі міндеттердің бірі. Сондықтан кәсібилік, ашықтық және азаматтардың мүддесіне бағдарлану қағидаттары мемлекеттік қызметкерлер үшін әрдайым негізгі бағдар болуға тиіс. Жаңа заң мемлекеттік қызметті одан әрі дамытуға, оны кәсібилендіруге, сервистік және азаматқа бағдарланған қағидаттарға негізделген іріктеу тетіктерін жетілдіруге бағытталған», – деді Алматы әкімі.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік аппаратты одан әрі кәсібилендіруге, мамандарды іріктеу тетіктерін жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың сервистік моделін дамытуға және мемлекеттік органдар қызметіндегі азаматқа бағдарланған тәсілді нығайтуға бағытталған жаңа заңның негізгі жаңашылдықтарын жан-жақты түсіндірді.

«Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті – ашықтыққа, сервистік қағидаттарға және адамға бағдарлануға негізделген басқару мәдениетін қалыптастыру. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында мемлекеттік қызмет біліктілігі жоғары мамандар мен жеке сектордағы дарынды басқарушылар үшін құзыреттері мен қабілеттеріне қарай ашық бола түсті. Қазіргі таңда мансаптық және позициялық модельдердің құрылымдарын біріктіретін мемлекеттік қызметтің гибридті моделі қалыптастырылды. Енді іріктеу кезінде үміткердің мемлекеттік қызметтегі, квазимемлекеттік және жеке сектордағы еңбек өтілі таңдалған лауазымның функционалдық бағытына сәйкес кешенді түрде ескерілетін болады», – деді Д. Жазықбай.

Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру, заманауи кадрлық құралдарды енгізу, меритократия қағидаттарын нығайту және кәсіби мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыру жайына ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысында қатысушылар жаңа заңнаманы іске асырудың практикалық аспектілері мен оны қаланың мемлекеттік органдары қызметіне тиімді енгізу міндеттерін талқылады.

Іс-шара аясында мемлекеттік қызмет ардагерлері мен қазіргі қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті. «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен Гүлжан Мамреева, Нұрзат Ордабаев, Бақтияр Камалов, Күлбадан Тәжиева және Күлайхан Шойбекова марапатталды. Құрмет грамоталары Күлзия Берденева мен Айкерім Сәлімоваға табысталды. Алғыс хаттар Жанар Тілеуғабылова мен Марат Досымбекке берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы:"Біз Заң мен тәртіпке бағынатын, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз"

Бүгін 16:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік және бизнес өкілдері өзекті түйткілдерді ашық талқылап, шешу жолдарын бірлесе отырып іздеуі қажет»

Бүгін 16:26

Мемлекет басшысы: «Еліміздегі сот тәжірибесі үшін де бетбұрыс кезеңі басталды»

Бүгін 16:24

«Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды»

Бүгін 16:21

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы өтеді

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);